EC[ON]OMY

Қазақстандағы бензин бағасының 15 жылдық динамикасы

Соңғы 15 жылда Қазақстанда бензин бағасы едәуір өсті. Бірақ бұл өсім халық табысымен бірдей қарқынмен жүрмеді.

Халықтың табысы артқан сайын автокөлік саны да көбейді – бұл үрдіс әсіресе 2010 жылдан кейін айқын байқалады. 2010 жылдан 2025 жылға дейін көлік саны 3,6 млн-нан 5,7 млн-ға жетті. Бұл әр 100 мың адамға шаққанда 18 көліктен 24 көлікке өсу деген сөз.

Көлік көбейсе – бензинге сұраныс артады, баға да жоғарылайды. Мысалы, еліміздегі ең танымал АИ-92 маркалы бензин бағасы 2009 жылдан 2025 жылға дейін 2,7 есе өскен:

  • ⁠ ⁠2010 жылы – 80 теңге/литр
  • ⁠ ⁠2014 жылы – 115 теңге/литр
  • ⁠ ⁠2018 жылы – 158 теңге/литр
  • ⁠ ⁠2022 жылы – 182 теңге/литр
  • ⁠ ⁠2024 жылы – 205 теңге/литр
  • ⁠ ⁠2025 жылы – 219 теңге/литр

Бензин бағасының өсу себептері:

  • ⁠ ⁠2015 және 2022 жылдардағы теңгенің девальвациясы;
  • ⁠ ⁠мұнайдың әлемдік бағасының көтерілуі;
  • ⁠ ⁠2025 жылы ақпанда мемлекеттік баға реттеуінен бас тарту;
  • ⁠ ⁠салық пен акциздердің өсуі.

Бюроның ресми деректеріне сүйенсек, орташа айлық жалақы 2010 жылғы 80 мың теңгеден 2025 жылы 423 мың теңгеге дейін өсті (5 есе артық). Бірақ бұл өсу де әрқашан сезіле бермеді – 2015 және 2022 жылдары инфляция мен девальвацияның кесірінен нақты табыс төмендеді.

Сонымен қатар, статистикалық көрсеткіштер халықтың шынайы табысын дәл көрсете бермейді – әсіресе аймақтарда. Мысалы, көптеген өңірлерде орташа жалақы 200–250 мың теңге шамасында ғана.

Орташа жалақы мен АИ-92 бензин бағасы:

Алғашқы қарағанда, бензиннің қолжетімділігі артқандай көрінеді – 1000 литрден 1900 литрге дейін. Бірақ мына факторларды ескеру керек:

  • ⁠ ⁠коммуналдық төлемдер, азық-түлік, несие мен қызметтерге кететін шығындардың да өсуі;
  • ⁠ ⁠өңірлер арасындағы жалақы айырмашылығы – Алматы мен Астанада табыс жоғары, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында төмен;
  • ⁠ ⁠көлікті ұстауға кететін қосымша шығындар – салық, жөндеу, техникалық қызмет.

Кімге ауыр тиді?

Бензин бағасының өсуінен ең көп зардап шеккендер:

  • ⁠ ⁠ауыл тұрғындары (табыс аз, көлікке тәуелділік жоғары);
  • ⁠ ⁠шағын бизнес (әсіресе жеткізу және логистика саласы);
  • ⁠ ⁠таксистер мен жүк тасымалдаушылар.

Ірі компаниялар үшін де бұл – шығынның артуы. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік тасымалы салаларында отын бағасы өзіндік құнға тікелей әсер етеді.

2025 жылдан бастап бензин бағасы тұрақты түрде өсіп жатыр – әр екі ай сайын жаңа өсім тіркелуде. Жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты алдағы уақытта жанармай тағы да қымбаттауы мүмкін.

Қорытындылар:

  • ⁠ ⁠15 жылда бензин 2,7 есе қымбаттады, ал жалақы 5 есе өсті;
  • ⁠ ⁠Алайда инфляция табыс өсімін «жеп» қойды, әсіресе 2015 және 2022 жылдары;
  • ⁠ ⁠Нақты тұрғыдан алғанда, бензинге қолжетімділік артты, бірақ бұл тұрақты емес және экономикалық соққыларға өте сезімтал;
  • ⁠ ⁠Бензин бағасы тек көлік жүргізушілерге емес, бүкіл нарыққа әсер етеді – барлық тауарлар мен қызметтер қымбаттайды.

Электр көліктерінің дамуына қарамастан, Қазақстан үшін Маңғыстау облысында төртінші мұнай өңдеу зауытын салу – жанармай қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кілті.

Көлік нарығы іштен жанатын қозғалтқыштардан бас тартпайды – мысалы, Toyota компаниясы қазір көміртексіз, экологияға зиянсыз ДВС түрін әзірлеп жатыр. Бұл көлік иелері үшін тиімді әрі қоршаған ортаға қауіпсіз шешім болуы мүмкін.

 
Ерлан Каримов, тәуелсіз сарапшы, арнайы  үшін www.economyKZ.org

Scroll to Top