Әлемдік энергетика жаңа дәуірге қадам басты. Бұрын негізгі тұтынушылар – зауыттар, көлік пен үйлер болса, енді басты драйвер – цифрлық экономика. Деректер орталықтары мен жасанды интеллект барған сайын көп электр қуатын қажет етеді. 2035 жылға қарай олардың тұтынуы 1 200 ТВт·сағ-қа жетеді, ал 2050 жылы – 3 700 ТВт·сағ. Бұл – әлемдік сұраныстың шамамен 9%-ы. Салыстыру үшін: электр көліктері 11,2%, ал кондиционерлер мен жылу сорғылары – 7,1% құрайды.
Парадокс мынада: цифрландыру күн мен жел станцияларына инвестицияны арттырады, бірақ сонымен бірге көмір мен газға «екінші өмір» сыйлайды.
Бұрын деректер орталықтары тек ақпаратты сақтауға арналған көмекші инфрақұрылым саналатын. Қазір жағдай мүлде өзгерді. Олар цифрлық экономиканың өзегіне айналды. Бұған үш негізгі себеп бар:
1. Жасанды интеллект. Модельдерді үйрету және пайдалану үшін орасан зор есептеу қуаты қажет.
2. Бұлтты сервистер. Бизнес пен жеке қолданушылардың көпшілігі бұлтқа көшті. Серверлер – жаңа дәуірдің «заводтары».
3. Деректер көлемінің өсуі. Миллиардтаған смартфондар, сенсорлар, автокөліктер деректер ағынын көбейтуде. Оларды сақтау және өңдеу үшін инфрақұрылым қажет.
Бүгінде деректер орталықтары жеке бір сектор ретінде энергетикаға әсер етіп отыр.
Кесте 1. Деректер орталықтарының әлемдік энергия тұтыну үлесінің өсуі
Жыл Тұтыну (ТВт·сағ) Әлемдік тұтынудағы үлесі
2024 Жыл — 400 (Тұтыну (ТВт·сағ)) — 1,5 % (Әлемдік тұтынудағы үлесі)
2035 Жыл — 1 200 — 4,5 %
2050 Жыл — 3 700 — 8,7 %
2050 жылы деректер орталықтарының тұтынуы тұтас бір ірі экономиканың көлемімен тең болады.
Бұл өсімді жабу үшін әлем 2035 жылға дейін қосымша 362 ГВт қуат салуы тиіс.
Кесте 2. 2035 жылға қарай деректер орталықтарына арналған жаңа қуат көздері
Жаңартылатын энергия (күн, жел) — 47 % (Жаңа қуаттағы үлесі)
Энергия сақтау жүйелері — 9 %
Көмір мен газ — 44 %
Бірақ өндіріске келсек, жағдай басқа:
• 64% энергияны көмір мен газ береді,
• тек 36% – күн және жел станцияларынан келеді.
Себебі жаңартылатын энергия тәулігіне 24 сағат тұрақты емес. Ал деректер орталықтарына тоқтаусыз қуат қажет.
Деректер орталықтары энергетикалық өтпелі кезеңді бір мезетте жеделдетіп те, тежеп те отыр.
Позитив:
• күн және жел станцияларын көптеп салуға түрткі,
• аккумуляторлар мен сақтау жүйелеріне сұранысты арттырады,
• «ақылды желілерді» дамытады.
Негатив:
• көмір және газ станцияларының жұмысын ұзартады,
• электр желілерін шамадан тыс жүктейді,
• шығарындыларды азайту қарқынын баяулатады.
Энергия тұтынуының ең үлкен өсімі осы үш аймақта болады. Мұнда халық саны артып жатыр, экономика дамып келеді, ал цифрлық инфрақұрылымға сұраныс күшейіп отыр.
Инвесторлар үшін бұл – мүмкіндік. Бірақ жергілікті энергетикалық жүйелерде тапшылық бар. Жаңа дата-орталықтар осы тапшылықты ұлғайтуы мүмкін.
Деректер орталықтары энергияны жеке тұтынбайды. Олар басқа секторлармен жарысады.
Кесте 3. 2050 жылға қарай энергия тұтынудың салыстырмасы
Электр көліктері — 11,2 % (Әлемдік тұтынудағы үлесі)
Деректер орталықтары — 8,7 %
Кондиционерлер мен жылу сорғылары — 7,1 %
Бұл секторлардың бәрі де өсім драйверіне айналады.
Энергожүйелерді тұрақты ету үшін икемділік қажет. Прогноздар көрсеткендей:
• 4 300 ТВт·сағ – ақылды зарядтау және сұранысты басқарудан,
• 6 100 ТВт·сағ – батареялар, газбен жұмыс істейтін қосымша станциялар және су қоймадағы гидроаккумуляциядан келеді.
2050 жылы әлемдік электрдің 20%-ға жуығы осындай икемді жүйелер арқылы реттелетін болады.
Деректер орталықтарының өсуі мынадай қауіптер әкеледі:
• желілердің шамадан тыс жүктелуі,
• көмір мен газға тәуелділіктің артуы,
• шығарындылардың баяу төмендеуі.
Цифрландыруды қолдау – экономикалық өсім. Бірақ дұрыс саясат болмаса, ол климат мақсаттарына соққы беруі мүмкін.
Келесі онжылдық шешуші болады. 2035 жылға қарай елдер жаңа ұлттық климат жоспарларын ұсынуы тиіс. Дәл осы уақытта деректер орталықтарының тұтынуы күрт өседі. Егер өсу жаңартылатын энергия мен сақтау жүйелері арқылы жабылса – цифрландыру «жасыл» өтпелі кезеңнің серігі болады. Ал егер көмір мен газға сүйенсе – олар 2050 жылға дейін сақталады.
2050 жылы деректер орталықтары энергетикалық нарықтағы толыққанды ойыншыға айналады. Олардың үлесі көлік және құрылыс секторымен теңеседі. Инвестор үшін – жаңа нарық. Саясаткер үшін – климаттық дилемма. Энергетик үшін – жаңа шындық.
Деректер орталықтары мен жасанды интеллект әлемдік энергетиканың басты тұтынушысына айналып келеді. Олардың сұранысы күн және жел энергетикасына жол ашады, бірақ көмір мен газдың да рөлін сақтап қалады. 2035 жылға дейінгі шешімдер тек цифрландыру емес, бүкіл климат болашағын анықтайды.
Ален Серік, порталының сарапшысы EconomyKZ.org


