EC[ON]OMY

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық серпіліс

Соңғы екі жылда Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі инвестиция тұрғысынан шынайы серпіліс жасады. 2025 жылдың алғашқы төрт айында салаға салынған капитал көлемі 34,3%-ға өсіп, 557 млрд теңгеге жетті. 2024 жылы өсім – 24,1%, жалпы сома – 2,1 трлн теңге. Өңдеудің экономикадағы үлесі 10,7%-дан 12,7%-ға дейін артты.

Индустрияландыру бағыты бойынша басым салалар көзге анық түсіп тұр:

•Автокөлік өндірісі – 2,2 есе өсіп, 40,5 млрд теңге болды.

•Химия өнеркәсібі – 62% өсіп, 104,4 млрд теңгеге жетті.

•Мұнай өңдеу – 2,1 есе өсіммен 42,7 млрд теңге.

•Металлургия – 14% өсіп, 148,6 млрд теңге.

•Азық-түлік өндірісі – 26% өсіп, 48,7 млрд теңге болды.

Сонымен қатар, ерекше секіріс байқалған салалар да бар:

•Тоқыма өнімдері – 19 есе өсіп, 16,2 млрд теңгеге жеткен.

•Электронды және оптикалық құралдар – 9 есе өсіп, 2,2 млрд теңге.

Кейбір салалар инвестиция тұрғысынан артта қалуда:

•Фармацевтика – 2025 жылы 16,5%-ға, 2024 жылы 22,8%-ға қысқарған.

•Пластмасса мен резеңке өнімдері – қатарынан екі жыл бойы 45%-ға төмендеп отыр.

•Жиһаз өндірісі – 80% қысқарып, іс жүзінде картадан жойылып кеткен.

Осы сандардың ар жағында – мемлекеттің тікелей қатысуы тұр. 2024 жылы БРК (Қазақстан Даму Банкі) мынадай қолдау көрсеткен:

•1 104 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібіндегі 50 жобағажұмсалған. Бұл – 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

•571 млрд теңге – Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы ШОБ-ты қолдауға бағытталған.

•430 млрд теңге – төрт ірі жобаға мемлекеттік кепіл түрінде берілген.

Нәтижесінде, БРК қаржысын 82%-ға дейіниндустрияландырумен тікелей байланысты деуге болады.

Мұндай жағдайда басты сұрақ туындайды: біз нақты нарықтық индустрияны дамытып жатырмыз ба, әлде оны мемлекеттің қаржысымен «тірі ұстап» отырмыз ба?

•Мемлекет көмегін тоқтатса, бұл салалар өміршең бола ма?

•Бюджетке тәуелді секторлар пайда болса, ол экономиканы қаншалықты әлсіретеді?

•Біз өндірісті қолдап отырмыз ба, әлде нарықтық сигналдарды бұрмалап жатырмыз ба?

Қазақстан үшін өңдеу өнеркәсібін дамыту – стратегиялық мақсат. Ол:

•Мұнай мен шикізатқа тәуелділікті азайтады,

•Аймақтарда жұмыс орындарын көбейтеді,

•Экономикалық тұрақтылықты арттырады.

Инвестициялық өсімді тұрақты үрдіске айналдыру үшін мынадай қадамдар қажет:

1. Мемлекеттік қолдаудың ашықтығы – әр теңге нақты нәтиже береді ме, соны бағалау керек.

2. Тиімділікті талдау – қай сала қайтарым беріп жатыр, ал қайсысы бос шығын екенін түсіну маңызды.

3. Аймақтық теңгерім – инвестиция көбіне бірнеше облыста шоғырланған. Қалғандары қалып қоймауы керек.

4. Экспортқа бағытталу – ішкі сұраныс шектеулі. Өндірісті тұрақты ету үшін сыртқы нарықтарға шығу қажет.

Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық серпіліс – Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік. Бірақ бұл мүмкіндік дұрыс пайдаланылмаса, тәуелділікке айналуы мүмкін.

Мемлекеттік қолдау – бұл құрал. Бірақ сол құралды дұрыс бағыттап, нарықтық механизмдермен үйлестіру маңызды.

 
 
Ернар Серік, Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы, арнайы www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top

Discover more from EC[ON]OMY

Subscribe now to keep reading and get access to the full archive.

Continue reading