EC[ON]OMY

Қазақстандағы алкоголь тұтыну: ДДҰ деректері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сүйенсек, 2022 жылы әлем бойынша бір адамға шаққандағы алкогольді тұтыну деңгейі – жылына 5 литр таза спирт.

ЕАЭО елдері ішінде Қазақстан мен Беларусь алкоголь өнімдерін тұтыну деңгейі өсіп келе жатқан мемлекеттер қатарына кіреді. Дегенмен, тұтыну көрсеткіші әлемдік орташа деңгейден (2022 жылдан басқа) жоғары емес. Орта есеппен, қазақстандықтар жылына 5 литрден сәл ғана артық алкоголь ішеді.

Қазақстанда араққа салынатын акциздік салық мөлшері ең төмен деңгейде сақталып отыр. 2020 жылдан бері ол өзгерген жоқ – $4,9 немесе 2 550 теңге. Бұл салықтың төмен болуы бюджетке түсетін салықты шектесе де, экспортты ынталандыру құралы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстанда алкоголь нарығына қатаң шектеулер қойылған:

  • ⁠ ⁠Арақ пен күшті алкогольге ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленген.
  • ⁠ ⁠2004 жылдан бастап жарнамалауға тыйым салынған.
  • ⁠ ⁠Алкоголь сатып алу жасы – 21 жас.
  • ⁠ ⁠2013 жылдан бері акциздер 400% өсті.

Ал басқа ЕАЭО елдері акцизді біртіндеп көтеріп, тұтынуды азайту мен бюджетті толықтыруды көздеп отыр. Ресей мен Беларусь – әлемдегі ішімдік ең көп тұтынылатын елдердің бірі.

2024 жылғы этил спиртіне салынатын акциз (1 литр үшін, доллармен):

2025 жылдың I тоқсанында Қазақстан тұрғындарының бір адамға шаққандағы алкогольге жұмсайтын шығыны – $3 (1 582 теңге). Бұл барлық тұтыну шығындарының 0,6%-ын құрайды. Халық саны 20,4 млн екенін ескерсек, жылдық жалпы тұтыну көлемі шамамен $250 млн немесе 130 млрд теңгеге жуық.

2024–2025 жж. кезеңіндегі шығындар:

Импорт көлемі жоғары деңгейде сақталып отыр. Соңғы 5 жылда:

  • ⁠ ⁠Арақ – 46% өскен
  • ⁠ ⁠Виски – 2 есе өскен
  • ⁠ ⁠Сыра – 7%
  • ⁠ ⁠Шампан шарабы – 2,2 есе
  • ⁠ ⁠Ром – 42%

Бұл шетелдік алкогольге деген тұрақты сұраныстыкөрсетеді. Жалпы алғанда, импорт 50%-ға өскен.

Экспорт болса тұрақсыз. 2022 жылы күрт өсіп, 2024 жылы қайта төмендеді.

Негізгі экспорт:

  • ⁠ ⁠Сыра (5 жылда +73%)
  • ⁠ ⁠Арақ (5 жылда 40 есе өскен)

Жалпы экспорттан түскен табыс 2,3 есе артты.

 

Саланың негізгі қауіптері

1.⁠ ⁠Көлеңкелі нарық

«КазАлкоТабак» деректеріне сәйкес, арақ нарығының 40%-ы заңсыз айналымда, ал жалпы алкогольдің 25%-ы – контрафакт. Жыл сайын 250 млн литрге жуық алкоголь көлеңкелі нарықта сатылуы мүмкін.

2.⁠ ⁠ЕАЭО ішіндегі сауда теңсіздігі

2022 жылы:

  • ⁠ ⁠Ресейден импорт – $14,9 млн (+31,9%)
  • ⁠ ⁠Беларусьтен – $2,8 млн (+7,7%)
  • ⁠ ⁠Ал Қазақстан экспорты – $10 млн (-24,8%)

Беларуське экспорт мүлде болмаған, ал Ресей мен Қырғызстанға аз көлемде ғана жеткізілген.

Қазақстан алкоголь нарығында салыстырмалы түрде реттеулер қатаң, бірақ салық саясаты жұмсақ. Бұл экспортты ынталандырғанымен, көлеңкелі нарық пен импортқа тәуелділік – саланың басты қауіптері болып отыр. ЕАЭО ішіндегі сауда теңгерімсіздігі де ұлттық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Ерлан Каримов, тәуелсіз сарапшы, арнайы  үшін www.economyKZ.org

Scroll to Top

Discover more from EC[ON]OMY

Subscribe now to keep reading and get access to the full archive.

Continue reading