EC[ON]OMY

ҰЛТТЫҚ ҚОР туралы ұзақ әрі көп әріп

Бірнеше апта бұрын менің үнемі қызығушылықпен оқитын (және оқуға кеңес беретін) #DESHT деген телеграм арнамда «СПОРНАЯ АРГУМЕНТАЦИЯ ПО НАЦФОНДУ» деген пост шықты.

Автор Ұлттық қордағы қаражатты жұмсауға қатысты бірқатар тұжырымдары мен қарсы пікірлерді тізбектеп, кей аргументтердің ішкі қайшылығын көрсеткен. Тақырып өзекті және мен де Ұлттық Қорды зерделеп жүрген адам ретінде 5 теңгемді қыстыруды жөн көрдім.

Бұл тақырып Қазақстанда 2023 құрылған «Экономикалық даму жөніндегі сараптамалық кеңестің» отырысында талқыланған, контекст «макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін монетарлық саясат пен фискалдық саясаттың үйлесімді әрекет етуі» болған еді.

Сонымен, автор мынаны еске салады:

Напомним, задача сохранения НацФонда — одна из основных причин ужесточения налоговой системы.

Говорят, НацФонд трогать нельзя, потому что это укрепляет курс и это плохо. Потом говорят, что снижать ставку нельзя, потому что курс обесценится и это тоже плохо. То, что курс должен быть стабилен, не сказано.

Бұл жерде — Ұлттық Қорға «мүлдем» тиіспейік емес, «ретсіз әрі шамадан тыс көп тиісе бермейік» деген ұстаным болса керек. Себебі, кепілді трансферттердің мөлшері заңмен бекітілген және ол орта мерзімді фискалдық саясаттың құрамдас бөлігі саналады, сондықтан оны қысқарту жайлы ой айтылған емес бүгінге дейін (мен білетін, оқыған зерттеулерде). Әңгімеге негіз болып отырған «мақсатты трансферттер» (менің ойымша). Бұл трансферттер ешқандай ережеге бағынбайды, таза дискрециялық шешім.

Трансфертті бюджетке ақтару үшін доллар теңгеге айырбасталады, демек валюта нарығына қысым бар екені айқын.

Нацфонд к ВВП
Ұлттық қор активтерінің ЖІӨ-ге қатынасының динамикасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Базалық мөлшерлемеге қатысты – теориялық тұрғыда қысқа және орта мерзімді перспективада, базалық мөлшерлемені төмендету теңгенің құнсыздануына, ал көтеру нығаюына жол ашады, бұл да дәлелденген жайт. Ал төл валютамыздың бағамының тұрақты болуы керек екені by default жағдай ғой. Бірақ «бағам неге тұрақсыз?» деген сұрақ бізде риторикалық сұраққа айналған. Жауабын барлығымыз білеміз, себебі 4 индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламаларын жүзеге асырсақ та тиісті нәтижесін көре алмадық: диверсификация, өңделген тауарлардың экспорттағы үлесін арттыру деген сөздер қағаз жүзінде ғана қалды.

Говорят, что НацФонд трогать нельзя, потому что это провоцирует «наплыв импорта», перегрев потребления, отсюда же про ужесточение кредитования физических лиц. Потом говорят, что снижать ставку нельзя, потому что снизятся реальные доходы (а значит и потребление) и вырастет бедность.

Біз тұтынатын тауарлардың басым бөлігі импорт екені рас. Сол себепті де шығындар үшін есептелген «фискалдық мультипликаторымыз» өте төмен. Біз жасаған эмпирикалық талдауға сүйенсек, мемлекеттік шығындарды қосымша 1 теңгеге арттырсақ, ол бір жылдан соң 22 тиын ғана береді. Яғни, шығынды қанша арттырсаң да, ақша ішкі экономикаға емес импорт тауарларына жұмсалса, мультипликатор да сәйкесінше төмен болады.

Екіншіден, ҰҚ-дан алынып жатқан қаражат соңғы уақытта негізінен экономиканы дамытатын жобаларға емес, көбіне ағымдағы тұрмыстық мәселелерді шешуге жұмсалады. Оған дәлелдің бірі ретінде Жоғары аудиторлық палатаның есебін көрсетуге болады:

«В 2021 году целевой трансферт из Нацфонда распределен на 71 направление по 126 бюджетным программам (подпрограммам). Преимущественно средства предусматривались на текущие мероприятия – 57,5% или 1 063 млрд тенге. Данная тенденция прослеживается с 2017 года, когда доля таких расходов за счет целевых трансфертов из Нацфонда (без учета резерва Правительства) выросла втрое (2016 год – 23,8%, 2017 год – 72,1%). При этом в 2019 году весь объем целевого трансферта (без учета резерва Правительства) пришелся на текущие мероприятия» — делінген.

Когда нам удобно, показываем показатели к ВВП. Например, что мало налогов собираем в сравнении с развитыми странами.

Средства НФ к РБ
Ұлттық қор қаражатының Республикалық бюджетке қатынасының динамикасы, млрд теңге

Когда нам удобно, показываем не к ВВП, а в абсолютных значениях. Например, чтобы выпятить рост изъятий в тенге, даже без корректировки на инфляцию. Потому что если к ВВП, то за 15 лет ничего не изменилось с изъятиями с НацФонда, даже улучшилось.

12 жыл ішінде (2010-2021жж) Қордан 31,9 трлн теңге алынған, ал осы уақыт аралығында мұнай секторындағы ұйымдардан түскен салық мөлшері тек 30,7 трлн теңге болған, яғни 1,3 трлн теңгеге артық алынған. Яғни, осы уақыт аралығында Қорға салғанымыздан алғанымыз көп.

Менің ойымша мұнда Ұлттық Қор активтерінің тұрақтылығын түсіну үшін абсолют көрсеткіштерді алып салыстыру жай ғана ыңғайлы емес, объектив тұрғыда маңызды.

Яғни, салықтың ЖІӨ қатынасы мен ҰҚ трансферттерінің көрсеткіші екі түрлі экономикалық мәнге ие, бұл екі көрсеткіштің талдаудағы мақсаты бөлек. Мысалы, салық/ЖІӨ – бұл фискалдық көлемді анықтайтын құрылымдық көрсеткіш. Сол себепті басқа елдердің осындай көрсеткішімен салыстыруға болады. Ал, ҰҚ трансферттерінің

номинал көрсеткіші – нақты қордан жұмсалған қаражат көлемі, яғни факт. Бұл көрсеткішті көбінесе бюджет дефицитіне қарай немесе бюджеттің кірісіне шаққанда деп қарастырамыз. Иә, эконометрикалық модельдерге салғанда әдетте барлық көрсеткіштерді «нақты» көрсеткішке айналдырып саламыз. Бқл басқа жағдай.

DESHT: «за 15 лет ничего не изменилось с изъятиями с НацФонда, даже улучшилось»… Расында, ҰҚ-дан 2015- 2023 жылдары алынған трансферттер орташа есеппен алғанда республикалық бюджет шығынының 30% жауып отырған, бірақ азаю тенденциясын көрсетіп жатыр мысалы 2023 жылы тек 19%. Дегенмен, бұл жағдай жақсарғанын білдірмейді.

Өкінішке қарай, 2021-2022-2023 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімге шаққандағы ҰҚ активтері сәйкесінше 28%-25%-23% төмендеді. Егер 2022 жылға дейін қолданылған Бюджет ережесі заңды күшіне ие болғанда, біз ҰҚ-дан трансферт алмауымыз керек еді. Себебі онда анық жазылған болатын: жалпы ішкі өнімге шаққандағы ҰҚ активтері 30% -дан төмен болмауы тиіс (неснижаемый остаток Нацфонда не должен быть ниже 30% ВВП). Алайда 2022 жылы қабылданған «Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сай бұл көрсеткіш 20% -ға дейін төмендетілді. Бұған жетуге де аз қалды. Яғни, жағдай жақсарды деп айтатындай емес.

Происходит «экономическая теория классной доски», как описано тут . Мы все время сравниваем реальность с неким абстрактным, порой идеальным миром. Например, если бы консервативно изымали, то активы НацФонда составили бы $196 млрд. Или, что в случае катастрофического кризиса, средств НацФонда хватит на 1 год.

Но экономика — это про сравнение альтернативных реальностей, а не с идеализированным миром.

Можем ли мы не изымать, если экспорт составляет 30-40% от нашей экономики и в нем высокая доля нефти, доходы от которой идут в НацФонд?

Рас, Қазақстан негізінен минерал ресурстар экспорттайды, оның басым бөлігін мұнай экспортынан түсетін табыс құрайды. Бұл табыстардың Ұлттық қорға бағытталуы – экономиканы сыртқы шоктарға қарсы тұрақтандыру және болашақ ұрпақтың үлесін сақтау мақсатында іске асады. Демек «экономиканың шикізатқа тәуелділігі» қорға қол сұғуға шектеу қоятын фактор болуы тиіс. Өйткені мұнай бағасы құбылмалы, ал оның табысы – уақытша. Егер біз шикізаттық табысты жүйелі түрде ағымдағы шығындарға жұмсай берсек, онда болашақта мұнай табысы азайғанда фискалдық бос кеңістігіміз мүлдем қалмауы мүмкін. Сондықтан басты сұрақ «трансферт алуға бола ма, болмай ма?» емес, «(мақсатты) трансфертті» қандай жағдайда, қандай мақсатта, қандай мөлшерде алуға болады? — деген сұрақ болуы тиіс деп санаймын. Ал кепілді трансферт – ол константа.

Можем ли мы игнорировать огромную и дорогостоящую советскую инфраструктуру и рекордный по мировым меркам рост количества детей?

Орынды сұрақ! Иә, инфрақұрылым тозығы жетіп тұр, оны модернизациялау үшін де біраз қаражат бөлінді, дегенмен мәселе шешімін таппады. Сондықтан бұл мәселе Ұлттық қор есебінен ғана шешілуі тиіс дегенді білдірмейді. 2022 жылғы аудит көрсеткендей, инфрақұрылымға бағытталған инвестициялардың көпшілігі ағымдағы жөндеу немесе қайта салуға бағыттылағн. Яғни бұл ұзақмерзімді өнімділікке бағытталған шешім емес, уақытша «жөндеу» шарасы ғана.

Оның үстіне, электр және су инфрақұрылымына арналған инвестициялар 2022 жылы 1,7–3,1% азайған, ал электр желілерінің тозуы 70% астам деңгейде. Бұл көрсеткіштер тиімді инфрақұрылымдық саясаттың жоқтығын, ал тек қордан ақша алу бұл проблеманы шеше алмайтынының дәлелі.

Балаларға қатысты, иә, Қазақстанда 2023 жылы 18 жасқа дейінгі балалар саны 6,5 млн-нан асты, бұл жалпы халықтың 33%-ін құрайды. Бұл мәселе біршама шешімін тапты, Ұлттық қор қаражатының тікелей балаларға бағытталған механизмі іске қосылды. Сондықтан бұл сұрақ ҰҚ күнтізбесінен шыққан шығар деп ойлаймын.

Бояться, что откатят реформы, не надо. Проблемы с несбалансированностью бюджета никуда не денутся. Фискальные консерваторы, которые выступают за ужесточение макроэкономической политики, тоже никуда не денутся. А вот «похоронить» важные реформы при начале реализации можно легко — любое серьезное массовое недовольство и мы отложим их на долгие годы.

Да и позиция «сидеть и копить» немного странная. Экономика — это катящийся по годам ком взаимоотношений. Она не может просто взять и остановиться, если только мы сами ее не высушим, как во время «Великой депрессии» в США.

А «будущему поколению» важнее оставить не абстрактную кубышку, которую всегда можно заморозить за рубежом, а стабильное правовое государство, качественную среду, инфраструктуру и разнообразный опыт.

Толық келісемін! Реформаларды қорықпай жасау керек, оған халықтың сенімі мен қолдауы қажет, әйтпесе тіпті дұрыс бастамалар да сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Рас, келешек ұрпаққа «дертке шалдыққан емес, сау экономика» тастау біздің міндетіміз.

Дегенмен Ұлттық қор қаражатын ретімен және дұрыс мақсатта жұмсауды консерваторлық шешімге баламас едім. Ұлттық қордың мақсаты — ақшаны жәй ғана сақтап отыру емес, оны фискалдық тәртіппен, нақты ережемен пайдалану. Қазір Қазақстанда қордан алынатын трансферттер макроциклге байланысты емес, көбінесе ағымдағы тапшылықты жабу үшін жұмсалады.

Халықаралық валюта қоры сарапшыларының пікірінше, Қазақстан қысқа мерзімді өндірістік көкжиегі бар елдердің қатарына жатады, мұндай елдер бюджет ережесін конъюнктураға қарай өзгертіп, көбіне келешек ұрпақтың мүддесіне қайшы әрекет етеді.

Демек, басты мәселе трансферттердің мақсатсыз әрі фрагментарлы түрде бөлінуі және жұмсалуы, ешқандай ережеге бағынбауы, нәтижесінде тұрақты мультипликативтік әсерінің болмауы.

Сонымен тоқ етері — Ұлттық қор тұрақты даму мен ұрпақаралық әділеттілікті қамтамасыз ететін құралға айналуы тиіс, ал бұл үшін оның қаражаты жүйелі, ашық, ережеге сай және стратегиялық негізде жұмсалуы қажет.

 
 

Ханет Аякөз, макроаналитик, зерттеуші, PhD кандидаты, арнайы www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top