EC[ON]OMY

Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділік

2024 жылғы 1 қарашадағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 539 536 заңды тұлға тіркелген, оның 425 044-і әрекет етуде. Негізгі өсім 98%-дан астамын құрайтын шағын заңды тұлғалардың есебінен байқалады. Соңғы 10 жылда тіркелген заңды тұлғалардың орташа жылдық өсімі 4,5%-ды құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындардың саны жыл сайын 4,6%-ға артуда.

Алайда, орта және ірі кәсіпорындардың динамикасы тұрақсыз. 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны сәйкесінше 1,3%, 1,4% және 3,1%-ға азайды. Бұл көрсеткіштер осы санаттағы бизнестің тұрақты дамуы үшін жағдайдың күрделілігін көрсетуі мүмкін.

Заңды тұлғалардың ең көп шоғырланған өңірлері:

• Алматы: 152 650 (28,3%),

• Астана: 104 434 (19,4%),

• Шымкент: 29 288 (5,4%).

Ең аз белсенді өңірлер: Ұлытау облысы (2915 немесе 0,5%), Жетісу облысы (8369 немесе 1,6%) және Абай облысы (8455 немесе 1,6%).

Тіркелген жеке кәсіпкерлердің (ЖК) саны 1 791 846, оның ішінде 1 707 617-і жұмыс істеп тұр. Бұл шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) ең көп санаты, оған 67,1% ШОК субъектілері жатады. ЖК негізгі қызмет салалары:

• Көтерме және бөлшек сауда (37,4%),

• Қызмет көрсету (16,5%),

• Ауыл шаруашылығы (15%).

ШОК-тың белсенді субъектілерінің саны жылына 1,5%-ғаөсуде. Шағын бизнес 98% ШОК субъектілерін, ал орта бизнес 0,1%-дан кем құрайды. Негізгі салалары:

• Сауда (35,7%),

• Қызмет көрсету (14,3%),

• Ауыл шаруашылығы (13,8%).

539 536 заңды тұлғаның ішінде:

• Жекеменшік сектор 85%-ды,

• Мемлекеттік сектор 4,8%-ды,

• Қалғандары шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары.

Негізгі үрдістер:

1. Шағын кәсіпорындардың сандық тұрақты өсуі.

2. Орта және ірі бизнес үлесінің төмендігі.

3. Кәсіпкерлік белсенділіктің ірі қалаларда шоғырлануы.

Мәселелер қатарына орта және ірі кәсіпорындардың санының тұрақсыздығы мен өңірлік дамудың теңсіздігі жатады.

Мәліметтер көрсеткендей, Қазақстан шағын кәсіпкерліктің қуатты базасына ие және ол экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Алайда тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін орта және ірі бизнесті қолдауға, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге ерекше назар аудару қажет.

Дайындаған: Лина Егель қызы, Economy.kz порталының сарапшысы

Scroll to Top