EC[ON]OMY

Қазақстандағы бөлшек сауда

Бөлшек сауда – Қазақстан ішкі нарығының маңызды бөлігі. Бұл сектор халықтың тұтынушылық қалауы мен өмір сүру деңгейін көрсетеді. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда көлемі 17 096,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға көп. Сауда көлемінің өсуі тұтынушылық сұраныстың артуын білдіреді, әсіресе ірі қалалар мен экономикалық дамыған аймақтарда.

Бөлшек тауар айналымының құрылымында азық-түлік тауарлары 32,6%-ды алады. Ал азық-түлік емес тауарлар жалпы бөлшек сауданың 67,4%-ын құрайды. 2024 жылы азық-түлік тауарларының сатылымы 8,9%-ға, ал азық-түлік емес тауарлар 8,5%-ға өсті. Бұл деректер екі өнім түріне де (азық-түлік емес тауарлардың басымдылығымен) тұрақты тұтынушылық қызығушылықты көрсетеді.

Бөлшек сауданың негізгі көлемі ірі қалалар мен өнеркәсіптік өңірлерге тиесілі. Көлемі бойынша көшбасшы қала Алматы болып табылады, оның үлесі бүкіл бөлшек сауданың 33,1%-ын құрайды. Екінші орында Астана – 13% үлесімен, одан кейін Қарағанды облысы – 7,6% және Шығыс Қазақстан облысы – 5,6%. Бұл өңірлер Қазақстандағы тұтынушылық нарықтың негізгі бөлігін құрайды, бөлшек сауданың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жеке сауда кәсіпорындары бөлшек айналымның негізгі бөлігін алады. Олардың үлесіне жалпы бөлшек сауданың 90,5%-ы немесе 15 472,1 млрд теңге тиесілі.

Дайындаған: Лина Егель қызы, Economy.kz порталының сарапшысы

 

Scroll to Top