EC[ON]OMY

Қазақстанда туризм: дамудың тежелуіне не себеп?

Туризм әлемдік экономика үшін маңызды сала болып табылады, ол жылына 10 триллион АҚШ долларынан астам кіріс пен 300 миллионнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Қазақстан үшін де туризм – ел экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қоса алатын маңызды сектор. 2024 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның «Саяхат және туризм» рейтингінде 52-орынды иеленді. Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 3,3% немесе шамамен 6,8 миллиард АҚШ долларын құрайды.

World Travel & Tourism Council болжамдарына сәйкес, 2033 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ-дегі туризм үлесі 3,2%-ға дейін төмендейді, алайда ақшалай түрде 12 миллиард АҚШ долларына жетеді. Бұл дегеніміз, 2033 жылға қарай туризм Қазақстан экономикасының негізгі драйвері болмайды.

Керісінше, көршілес Өзбекстанда туризм секторы экономикалық және ақшалай тұрғыдан қарқынды өсіп келеді. 2033 жылға қарай Өзбекстанның ЖІӨ-дегі туризм үлесі 4,2%-ға жетіп, шамамен 5,6 миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанға келетін туристердің басым бөлігін Ресей, Қытай және Түркия азаматтары құрайды. Бұл елдер Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестері болып табылады.

2023 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарына 6,3 миллионнан астам адам келген. Туристер арасында ең танымал курорттық аймақтар:

• Алматы таулы кластері (жылына 3,4 млн турист);

• Щучье-Бурабай курорттық аймағы (жылына 1,2 млн турист);

• Маңғыстау курорттық аймағы (357 мың турист);

• Алакөл курорттық аймағы (267 мың турист);

• Баянауыл курорттық аймағы (227 мың турист);

• Түркістан туристік аймағы (121 мың турист);

• Алматы курорттық аймағы (111 мың турист);

• Сарыағаш курорттық аймағы (111 мың турист);

• Балқаш курорттық аймағы (110 мың турист);

• Алакөл курорттық аймағы (86 мың турист).

Дегенмен, Қазақстанда туризм секторында шешілмеген мәселелер бар, олар:

• Қазақстан визасын алудың қиындығы;

• Курорттық аймақтардың инфрақұрылымдық және қызмет көрсету деңгейінің әлсіздігі.

Бірінші мәселе – Қазақстан визасын алу үшін миграциялық полиция маманының компьютерінде ғана бар шақыру формасын толтыру қажет. Сонымен қатар, туристен ресми аудармасы нотариалды куәландырылған ықтиярхат (ВНЖ) талап етіледі. Өкінішке қарай, бұл шектеулер туристердің елге келу ниетін төмендетеді, инвестициялар туралы айтпағанда. Осыған байланысты, Қазақстандағы туристердің орташа болу ұзақтығы 4 күннен аспайды.

Екінші мәселе – сапалы жолдардың және көлік инфрақұрылымының (әсіресе шалғай туристік аймақтарда) жеткіліксіздігі, ыңғайлы қонақүйлер мен кемпингтердің тапшылығы, трекингке, велосипед тебуге немесе тау шаңғысы тебуге арналған жабдықталған жолдардың жоқтығы, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық инфрақұрылымның нашар дамуы (қоғамдық дәретханалар, қоқыс жәшіктері және қалдықтарды жинау орындары жетіспейді).

Ұсыныстар:

• Миграциялық полицияның ықтиярхат туралы құжатты тек қазақ немесе орыс тілдерінде ұсыну талабын қайта қарастыру қажет. Ағылшын тіліндегі құжаттарды да қолдануға рұқсат беру ұсынылады. Сондай-ақ, жауапты мемлекеттік органдардың сайттарында өзекті шақыру формасын орналастырып, туристерден виза алудағы негізгі қиындықтар туралы сауалнама өткізу керек.

• Шалғай туристік аймақ тұрғындарын жайлы кемпингтер мен демалыс бөлмелерін ашуға ынталандыру қажет. Туристік аймақтарды тегін WiFi желісімен қамту және санитарлық-гигиеналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды.

Scroll to Top