Әр күні әлем бойынша мыңдаған қызметкер өз жұмысын тастау туралы шешім қабылдайды деп елестетіп көріңізші. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
Microsoft Work Trend Index 2023 есебіне сәйкес, әлем бойынша 40%-тен астам қызметкер келесі жылы жұмыс ауыстыруды қарастыруда. Бұл құбылыс COVID-19 пандемиясының салдарынан бастау алып, «Жұмыстан жаппай шығу» (The Great Resignation) деп аталды. Бұл кезде миллиондаған адам өздерінің басымдықтары мен мансаптық мақсаттарын қайта қарауға мәжбүр болды. Маңыздысы — бұл үрдіс жалғасып қана қоймай, қарқын алып келеді.

Әйгілі Gallup есебінде әлем бойынша тек 15% қызметкер ғана өз жұмысында белсенді екені айтылған.
Бұл алаңдататын статистика, бірақ оның артында бизнестің тап болатын нақты қиындықтары тұр. Алдарыңызда 50-ден астам тереңдетілген сұхбаттар мен талдаулардың нәтижесінде анықталған негізгі себептер:
- Гибридті жұмыс стандарты
Қашықтан және гибридті жұмыс форматтары дәстүрлі кеңсе жұмыстарымен бірдей қалыпқа айналды. Z ұрпағы мен миллениалдар үшін гибридті жұмыс жай ғана ыңғайлылық емес, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың тәсілі. Егер компания бұл сұраныстарды елемесе, қызметкерлер заманауи жұмыс берушілерге ауысып кетеді. - Дамуды міндетті шарт ретінде қабылдау
Қызметкерлер кәсіби және жеке тұрғыдан өсуге ұмтылады. LinkedIn мәліметтері бойынша, қызметкерлердің 94%-і компания оларды оқыту мен мансаптық өсуге мүмкіндік берсе, сол компанияда қалуға дайын. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс тез арада үйреншікті және қызықсыз күн тәртібіне айналады. - Қызметкерлерге қамқорлықтың жеткіліксіздігі
Бүгінгі күні жұмыс жағдайлары, психикалық денсаулықты қолдау, корпоративтік жеңілдіктер және ұжымдағы жайлы атмосфера — бұл жұмыс орнын таңдауда маңызды өлшемдерге айналды. Бұл талаптарды елемейтін компаниялар бәсекелестікке қабілетсіз болады. - Нәтижесіз процестер мен жұмыс мәдениеті
Көптеген компаниялар өз клиенттерінің жайлылығына қамқорлық жасайды, бірақ өз қызметкерлерін, басқа сөзбен айтқанда компанияның табысын қамтамасыз етушілер туралы ұмытып кетеді. Бұл шешімдердегі ашықтықтың болмауы, басқарудың немесе кадрлардың үйлесімсіздігі қызметкерлердің шабытын түсіріп, жұмыс орнын стресс көзіне айналдырады.
Деректерге жүгінсек:
Майкрософт есебі бойынша жұмыс пен өмірдің тепе-теңсіздігі және жұмыс жағдайына қанағаттанбау жұмыстан шығудың негізгі триггерлері екенін көрсетеді.
McKinsey есебі бойынша егер компания жұмыс жағдайларын және корпоративтік мәдениетті жақсартса, 50%-тен астам қызметкерлер бұрынғы жұмыс орнына қайта оралуға дайын екендігін растайды.
Қорытынды
Пандемиядан кейін қызметкерлер жалақыдан басқа ұсынылатын артықшылықтарға назар аударып, осы қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын компанияларға көбірек ауыса бастады.
Бұл бизнес үшін нені білдіреді?
Бұл мәліметтер — дабыл белгісі. Компаниялар адам ресурстарын басқару стратегиясын қайта қарауы қажет, басқарушы құрамның өзгерістерге дайын болуы және HR бөлімінің кең ауқымды көзқарасқа ие болуы маңызды. Қызметкерлердің кем дегенде негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру енді жеткіліксіз. Бүгіңгі таңда талантты қызметкерлерді тарту ғана емес, сонымен қатар оларды жұмыста ұстап қалу да маңызды, ал ол үшін қызметкерлер өзін құнды сезіне алатын орта құру керек.
Енді еңбек нарығын қандай өзгерістер күтуде? Компаниялар осы қиындықтарға қалай бейімделе алады? Келесі постта біз қызметкерлерге арналған жаңа стратегияларды талқылаймыз.
Оразалы Нұрсұлтан, «Beneteria» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры


