EC[ON]OMY

Автокөлік пен такси: қайсысы тиімді?

Мен Астанадан 40 шақырым жердегі ауылдық үйде тұрамын. Бұл бағытта қоғамдық көлік сирек жүреді – тек №80 автобус әр 30–40 минут сайын қатынайды, ал адам көп уақытта орын болмауы да мүмкін, демалыс күндері тіпті жүрмей қалады. Күн сайын қалаға барып-қайту керек. Мұндай жағдайда жеке көліктің болуы – алғашқы қарағанда ең ыңғайлы шешім сияқты. Бірақ шын мәнінде бәрі бірдей қарапайым емес.

Бензиннің қымбаттауы, техникалық қызмет пен басқа да шығындарды есепке алсақ, кейде «таксимен жүрген тиімді емес пе?» деген ой келеді. Әсіресе, бүгінгі таңда такси қосымшалары арқылы кез келген уақытта көлік шақыру оңай.

Осы мақалада мен өз тәжірибем негізінде TANK 300 автокөлігіне иелік етудің жылдық шығындарын таксиге кететін шығындармен салыстырып көрдім.

Салыстыру үшін мынадай шарттар алынды:

•  Жылдық жүріс көлемі – 20 000 км;

•  Көлік – TANK 300, 2.0 литр турбо, жанармай шығыны – 15 л/100 км;

•  Бензин бағасы – 268 теңге/литр (яғни шамамен 40 теңге/км);

•  Амортизация мен техникалық тозу – 100 теңге/км (көлік бағасы 20 млн теңге, болжамды пайдалану мерзімі – 200 000 км немесе 10 жыл);

•  Таксидің орташа бағасы – 130 теңге/км (шамамен 3 500–7 000 теңге 40 км жолға);

Алғашқы жылы көлікке кететін қосымша шығындар:

•  Құжаттарды рәсімдеу – 25 000 тг

•  Сақтандыру – 25 000 тг

•  Көлік салығы – 12 000 тг

•  Дабылқаққыш – 200 000 тг

•  Қысқы дөңгелектер – 280 000 тг

•  Орындық жапқыштары – 32 000 тг

•  Терезе қараңғылау – 30 000 тг

•  Бейнетіркеу құрылғысы – 7 000 тг

•  Дөңгелек ауыстыру (жылына 2 рет) – 32 000 тг

Жеке көлікпен жүру:

•  Жанармай – 800 000 тг

•  Амортизация және техникалық шығындар – 2 000 000 тг

•  Қосымша шығындар – 643 000 тг

Жиыны: 3 443 000 тг

Таксимен жүру:

•  Жылына 20 000 км × 130 тг = 2 600 000 тг

Айырмашылық: такси 843 000 теңгеге арзан

Егер сіз жылына 20 000 км жүрсеңіз, такси қызметін пайдалану жеке көлікке қарағанда шамамен 30% арзанболады. Бұл әсіресе мегаполис тұрғындары үшін тиімді — көлік тұрағы мен кептеліс мәселесі күнделікті бас ауруына айналған.

Бірақ, егер сіз қала сыртына жиі шығатын болсаңыз, отбасы мен жүктерді тасымалдау қажет болса — көлік сатып алу ақталған шешім. Айта кету керек, бұл мысалда алынған көлік салыстырмалы түрде қымбат әрі ауыр (2,3 тонна), сондықтан жанармай шығыны жоғары. Ал салмағы аз, бағасы төмен көліктер жағдайында жеке автокөлік иелену тіпті тиімді болуы мүмкін.

  

 
Дайындаған: Ерлан Каримов, тәуелсіз сарапшы, арнайы  үшін www.economyKZ.org

Scroll to Top