EC[ON]OMY

Әлемдік сын-қатерлер және Қазақстанның стратегиясы

Экономикалық және климаттық тәуекелдер бүгінде мемлекеттердің де, қаржы жүйелерінің де тұрақтылығын айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналды.

Жаһандық жағдай:

AON компаниясының Global Catastrophe Recap 1H 2025 есебіне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы жартысында табиғи апаттардан келген экономикалық шығын 162 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 100 млрд долларды сақтандыру компаниялары өтеді — бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш.

Салыстыру үшін: соңғы 20 жылдағы орташа жылдық шығын — 141 млрд доллар.

Негізгі оқиғалар қатарында:

  • ⁠ ⁠Мьянмадағы жер сілкінісі (шығын — 12 млрд доллар, 5 мыңнан астам адам қаза тапты),
  • ⁠ ⁠Калифорниядағы ауқымды өрттер,
  • ⁠ ⁠Австралиядағы «Альфред» циклоны,
  • ⁠ ⁠Швейцариядағы мұздықтың құлауы.

Апаттық тәуекелдер әлемдік экономиканың жүйелік факторы болып отыр. Бірақ дамыған және дамушы елдер арасындағы сақтандыру арқылы өтемақы алу айырмашылығы тереңдей түсуде: АҚШ-та шығындардың жартысынан астамы өтелсе, Азия мен Африкада бұл көрсеткіш 10%-дан төмен.

Қазақстан: қаржылық қорғаныссыз әлсіз ел

Әлемдік банк (2023) және катастрофалық тәуекелдерге арналған 2017 жылғы зерттеу Қазақстанды аса осал аймаққа жатқызады.

Үш негізгі қауіп бар:

1.⁠ ⁠Су тасқыны мен селдер — Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшін жыл сайынғы қауіп. 2024 жылғы көктем — соңғы онжылдықтағы ең ірі су тасқыны: 10 облыс зардап шекті. Бірақ сақтандыру компанияларына бар болғаны 166 өтініш түсті (117 — жеке тұлғалардан, 49 — заңды тұлғалардан).

2.⁠ ⁠Жер сілкіністері — Алматы мен Жетісу аймағы. >7 баллдық зілзала ықтималдығы жоғары. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай қатерді тек мемлекеттік қайта сақтандыру немесе пул арқылы жабуға болады.

3.⁠ ⁠Қуаңшылық пен дала өрттері — ауыл шаруашылығына тікелей соққы. Индекстік агросақтандырудың дамуын қажет етеді.

4.⁠ ⁠Жер көшкіндері — Жамбыл және Түркістан облыстарына тән.

Қазақстандағы сақтандыру нарығы

  • ⁠ ⁠Мүлікті сақтандырудың үлесі: ел бойынша 3,2%, Алматыда — 7,7%. Бұл — өңірлік ең төменгі көрсеткіштердің бірі.
  • ⁠ ⁠Міндетті сақтандыру түрлері бойынша төлемдер автоматтандырылып келеді (онлайн-өтініштер, тікелей аударымдар). Бұл катастрофалық сақтандыру үшін техникалық негіз бола алады.
  • ⁠ ⁠Сақтандыру резервтері өсуде (+15,5% 2025 жылдың алғашқы жартысында), бірақ олар «үлкен зілзаланың» ықтимал шығынын жабуға жеткіліксіз.

Негізгі мәселе — табиғи апаттарға қарсы міндетті сақтандырудың жоқтығы. Көптеген компаниялар катастрофалық тәуекелді жеке қарастырмайды, оны «мүлік + өрт» пакетіне қосып қояды.

Макро және микроэкономикалық әсер

Мемлекет деңгейінде:

  • ⁠ ⁠Алматыдағы жер сілкінісінен келетін ықтимал шығын — ЖІӨ-нің 5%-ына дейін.
  • ⁠ ⁠ТЖ шығындарын жабу — мемлекеттік қарыздың өсуіне алып келеді.
  • ⁠ ⁠Құрылыс материалдары мен тұрғын үй бағасының қымбаттауы — инфляциялық қысым.

Халық пен бизнес деңгейінде:

  • ⁠ ⁠Үй-жай мен мүліктен айырылу → кедейлену.
  • ⁠ ⁠Шағын және орта бизнес көбіне қайта қалпына келмейді.
  • ⁠ ⁠Сақтандыру мәдениетінің жоқтығы → әлеуметтік наразылық.

Әлемдік тәжірибе: мемлекет + сақтандырушылар

  • ⁠ ⁠АҚШ — шығындардың 90%-дан астамын сақтандырушылар өтейді.
  • ⁠ ⁠Швейцария — катастрофалық тәуекелдер стандартты полиске енгізілген (>90% қамту).
  • ⁠ ⁠Франция — міндетті тұрғын үй сақтандыруы + мемлекеттік өтемақы.
  • ⁠ ⁠Австралия — Cyclone Reinsurance Pool премияларды арзандатады.
  • ⁠ ⁠Африка — Дүниежүзілік банк қолдауымен аймақтық қорлар (ARC).

Қазақстан не істеуі керек?

1.⁠ ⁠Алматы мен су тасқыны қауіпті аймақтардан бастай отырып, тұрғын үйді және ШОБ-ты катастрофалық тәуекелдерден міндетті сақтандыруды енгізу.

2.⁠ ⁠Ұлттық катастрофалық пул құру — мемлекет пен жеке сектордың бірлесуі.

3.⁠ ⁠Аймақтық әріптестік — Орталық Азия үшін ортақ сақтандыру қоры (ЕАБР, Дүниежүзілік банк негізінде).

4.⁠ ⁠Алдын алу шараларына инвестиция — сейсмоустойчивое құрылыс, дамбалар, цифрлық ескерту жүйелері.

5.⁠ ⁠Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорын күшейту — капиталдандыруды арттыру, катастрофалық тәуекелдерді бөлек есепке алу.

6.⁠ ⁠Агросақтандыруды дамыту — спутниктік индекстер негізінде (қуаңшылық, үсік).

7.⁠ ⁠Онлайн-сақтандыруды және цифрлық реттеуді дамыту — жаппай e-сақтандыруды іске қосу.

Апаттық тәуекелдер — Қазақстан экономикасының қауіпсіздігіне нақты қатер. Міндетті сақтандыру, мемлекет-жеке сектор пулдары және өңірлік ынтымақтастықсыз ел кез келген ірі жер сілкінісі немесе су тасқынынан кейін жылдар бойы артқа шегінуі мүмкін. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сақтандыру + мемлекеттік қорлар + аймақтық серіктестік — шығынды барынша азайтудың жалғыз жолы.

 
Айдар Қакимжанов, Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы, арнайы http://www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top

Discover more from EC[ON]OMY

Subscribe now to keep reading and get access to the full archive.

Continue reading