EC[ON]OMY

2024 жылы Қазақстандағы ШОК-тың өсуі мен әсері

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген шағын және орта кəсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің саны 2 269 158-ге жетті, оның ішінде 2 071 305 белсенді жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ШОК саны 1,8%-ға өсті.

Негізгі көрсеткіштер мен құрылымы

•  Жеке кәсіпкерлер — 67,3%.

•  Шағын кәсіпорындар — 20,6%.

•  Фермерлік шаруашылықтар — 12%.

•  Орта кәсіпорындар — 0,1%.

ШОК субъектілерінің ең көп шоғырланған аймақтары: Алматы қаласы (18,4%) және Астана (12,2%). Облыстар арасында Түркістан (9,2%) және Алматы облыстары (8,6%) көш бастап тұр.

Негізгі салалар

•  Көтерме және бөлшек сауда — 35,7%.

•  Қызмет көрсету саласы — 14,2%.

•  Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 13,7%.

Бұл үш сала ШОК-тың 63%-дан астамын құрап, ел экономикасының басты қозғаушы күштерінің бірі екенін көрсетеді.

Аймақтық ерекшеліктер

ШОК субъектілері ең аз шоғырланған аймақтар: Ұлытау (0,9%), Жетісу (2,9%) және Абай (2,6%) облыстары. Бұл аймақтарда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын белсенді түрде дамыту қажет.

Болашағы

2024 жылы ШОК санының өсуі Қазақстандағы кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен, шешуді қажет ететін мәселелер бар:

•  Әкімшілік кедергілерді жою.

•  Қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту.

•  Шағын бизнесті цифрландыру және инновация деңгейін көтеру.

Қазақстандағы шағын және орта кəсіпкерлік оң динамикасын сақтап, экономикалық өсудің маңызды қозғаушы күші болып отыр. Саланың ары қарай дамуы үшін кешенді қолдау шараларын жүзеге асыру және кәсіпкерлік климатты жақсарту бойынша белсенді жұмыс қажет.

 

Дайындаған: Ален Серік, Economy KZ порталының сарапшысы

Scroll to Top