EC[ON]OMY

Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету жолдары

Қазақстан 2026 жылға бірқатар стратегиялық сын-қатерлермен қадам басуда: экономиканы әртараптандырудың баяулауы, көрші елдер тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестік, инфрақұрылымның тозуы, энергия тапшылығы және күшейіп келе жатқан су дағдарысы.

Менің ойымша, алдағы жылдары тұрақты экономикалық өсімге, өңірлік теңгерімді сақтауға және елдің ішкі тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік беретін бес негізгі бағыт бар.

1.⁠ ⁠Отандық өндірушілерге нысаналы қолдау

Мәселе: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін басты қиындықтардың бірі — көрші елдерден, әсіресе Ресейден келетін импорттың өсуі.

Ресеймен сауда теңгерімінің теріс сальдосы $8,5 млрд-тан асады. Ресейден азық-түлік импорты жыл сайын артып (3,2 млрд доллардан жоғары), отандық өнімді базарлар мен дүкен сөрелерінен ығыстырып, жергілікті өндірушілердің өткізу нарығын шектеп отыр.

Шешім: Шекаралас өңірлердегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталған нақты қолдау қажет:

  • ⁠ ⁠10 жылға дейінгі мерзімге 2,5% жеңілдетілген несиеберу (өңдеу, май-тоң май, ет-сүт салаларын қоса);
  • ⁠ ⁠Шикізатты өңдеуге өткізгені үшін субсидия көлемін арттыру (ет, сүт, астық, жүн, көкөніс);

Бұл шаралар өңдеу зауыттарының жүктемесін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді.

2.⁠ ⁠Солтүстік өңірлердің тұрғын үй қорын жаңарту

Мәселе: Қазақстанның солтүстік және шекаралас аймақтарындағы тұрғын үйлердің 60%-дан астамы 1991 жылға дейін салынған. Мұндай үйлер қазіргі энергия үнемдеу және қауіпсіздік талаптарына сай келмейді.

Банктер 50 жылдан асқан үйлерді кепілге алмайды, бұл ипотекалық несиеге қол жеткізуді шектейді және еңбек ресурстарының мобильдігін төмендетеді.

Шешім: «Отбасы банк» пен «Қазақстан халқына» қоры қатысатын өңірлік жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске қосу.

Бағдарлама қазіргі тұрғын үй саясатына интеграцияланып, солтүстік өңірлерге жеке лимит белгілеуі тиіс.

Негізгі шарттар:

  • ⁠ ⁠жылдық мөлшерлеме 4-5% дейін;
  • ⁠ ⁠жастар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне бастапқы жарнаны субсидиялау;
  • ⁠ ⁠құрылыс компанияларын энергоүнемді үйлер салуға ынталандыру.

3.⁠ ⁠Шағын модульдік АЭС дамыту

Мәселе: 2030 жылға қарай Қазақстандағы электр энергиясына сұраныс 141 млрд кВт/сағ деңгейіне жетеді. Қазіргі генерацияның 80%-ы көмір мен газ станцияларына тиесілі, ал желілердің тозу деңгейі 60%-дан жоғары.

Батыс өңірлер жиі апаттарға ұшырайды және резервтік қуаттың жетіспеушілігін сезінуде.

Қазақстан уран өндіруде әлемдік көшбасшы (әлемдік үлестің шамамен 40%-ы), бірақ өз атом генерациясы жоқ.

Шешім: Шағын модульдік реакторларға (SMR) көшу қажет — қуаты 300 МВт-қа дейінгі қауіпсіз, шағын әрі тиімді нысандар.

Канада, Ұлыбритания, АҚШ тәжірибесі мұндай АЭС-тердің 4-5 жылда салынып, инвестицияның болжамды қайтарымдылығын қамтамасыз ететінін көрсетті.

Ұсыныстар:

  • ⁠ ⁠SMR орналастыру үшін 2-3 пилоттық өңірді (батыс және оңтүстік аймақтар) анықтау;
  • ⁠ ⁠ГЧП мен халықаралық консорциумдар арқылы арнайы қаржы қоры құру;
  • ⁠ ⁠Жергілікті уранды ішкі энергетикада пайдалану.

4.⁠ ⁠Жерасты су ресурстарын барлау және пайдалану

Мәселе: Қазақстан — жоғары су тапшылығы бар елдердің бірі.

Суару жүйесінде судың 50%-дан астамы жолда жоғалады, ал жалпы тұтынудың 65%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі.

Климаттың өзгеруі мен трансшекаралық шектеулер салдарынан 2040 жылға қарай су тапшылығы 80%-дан асуы мүмкін.

Шешім: Мемлекеттік баланс бойынша 1282 жерасты су кен орныбар, бірақ олардың тек 25%-ы зерттелген.

Жерасты сулардың әлеуеті жылына 64 млрд м³ деңгейінде бағаланады, бұл елдің қажеттілігін кем дегенде 30 жылға қамтамасыз ете алады.

Басты қадамдар:

  • ⁠ ⁠өңірлер бойынша қорларды анықтау үшін гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу;
  • ⁠ ⁠ірі жерасты бассейндерінен су тарту құбырларын салу (мысалы, Прииртыш бассейні — Астананы қамтамасыз ету үшін);
  • ⁠ ⁠суды үнемдеу технологияларын және автоматтандырылған есеп жүйелерін енгізу.

5.⁠ ⁠Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен АЭА жүйесін қайта жүктеу

Мәселе: Бүгінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК)мен Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр.

Көптеген ӘКК залалды жұмыс істейді, ал АЭА-дағы жеке инвестициялардың үлесі 30%-дан аспайды.

Шешім: ӘКК мен АЭА қызметін инвестиция тартуға, экспортты дамытуға және өңірлік өндіріс тізбегін құруға бағыттау қажет.

Негізгі бағыттар:

  • ⁠ ⁠ӘКК-нің жеке сектормен бәсекелестіктен бас тартуы;
  • ⁠ ⁠оларды өңірлік даму агенттігі моделіне көшіру;
  • ⁠ ⁠Алматыдағы тәжірибе бойынша өнеркәсіптік және технологиялық парктерді дамыту;
  • ⁠ ⁠Жеке капиталды тартудың икемді ГЧП тетіктерін енгізу.

Егер қысқаша түйіндесек, бұл бес бағыт — Қазақстанның 2026 жылы жаңа сапалы даму кезеңіне өтуінің кілті. Мақсат — тек экономикалық өсімге қол жеткізу емес, сонымен қатар елдің әр өңірінде өмір сапасын арттыру.

Ерлан Каримов, тәуелсіз сарапшы, арнайы  үшін www.economyKZ.org

Scroll to Top

Discover more from EC[ON]OMY

Subscribe now to keep reading and get access to the full archive.

Continue reading