EC[ON]OMY

Түркістан облысындағы ауылды және қалалық даму

Түркістан облысы – Қазақстандағы ең халқы көп аймақтардың бірі, тарихи және мәдени мұрасы бай өлке. Дегенмен, экономикалық жағдайы күрделі: халық саны 2,14 млн болса да, оның 75%-дан астамы ауылды жерлерде тұрады. Бұл – аймақтың қалалық дамудан шет қалғанын көрсетеді.

Демография: халық көп, мүмкіндік аз

Облыста ауыл тұрғындарының үлесі басым, ал экономикалық белсенділік біркелкі емес.

Халық саны ең көп аудандар:

1. Сайрам ауданы – 236 825 адам

2. Түркістан қаласы – 228 030 адам

3. Сарыағаш ауданы – 221 712 адам

4. Жетісай ауданы – 187 548 адам

5. Келес ауданы – 134 102 адам

Халық саны ең аз аудандар:

1. Бәйдібек ауданы – 48 694 адам

2. Отырар ауданы – 51 598 адам

3. Арыс қаласы – 79 290 адам

4. Шардара ауданы – 84 694 адам

5. Кентау қаласы – 99 773 адам

Жастарға жұмыс табу қиын болғандықтан, олар басқа аймақтарға немесе шетелге көшуде.

Бюджет: мемлекеттік қолдауға тәуелділік

Түркістан облысының жалпы кірісі – 1,48 трлн теңге. Бірақ оның 82,9%-ы республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер. Бұл дегеніміз, аймақ өз бетінше табыс табуға қабілетсіз.

Ең жоғары кіріс жинаған аудандар:

1. Түркістан қаласы – 44,5 млрд теңге

2. Созақ ауданы – 19,2 млрд теңге

3. Сайрам ауданы – 11,9 млрд теңге

4. Сарыағаш ауданы – 8,9 млрд теңге

5. Жетісай ауданы – 6,2 млрд теңге

Ең аз кіріс жинаған аудандар:

1. Бәйдібек ауданы – 2,5 млрд теңге

2. Сауран ауданы – 3,2 млрд теңге

3. Отырар ауданы – 3,6 млрд теңге

4. Кентау қаласы – 3,6 млрд теңге

5. Келес ауданы – 3,8 млрд теңге

Экономикасы тұрақты дамымайынша, Түркістан инвесторлар үшін тартымды бола алмайды.

Салық: бизнестің әлсіздігі

Аймақтағы жалпы салық түсімі – 192,2 млрд теңге (барлық кірістің 13%-ы ғана). Негізгі салық түсімдері халықтан жиналады, ал бизнес үлесі өте төмен.

Жан басына шаққандағы салық жинау көлемі ең жоғары аудандар:

1. Созақ ауданы – 304 328 теңге

2. Түркістан қаласы – 105 868 теңге

3. Отырар ауданы – 67 480 теңге

4. Шардара ауданы – 56 008 теңге

5. Арыс қаласы – 52 058 теңге

Жан басына шаққандағы салық жинау көлемі ең төмен аудандар:

1. Келес ауданы – 25 638 теңге

2. Сауран ауданы – 25 929 теңге

3. Мақтаарал ауданы – 28 321 теңге

4. Жетісай ауданы – 31 458 теңге

5. Кентау қаласы – 33 391 теңге

Бизнестің дамымауы – аймақтың ең әлсіз тұсы. Бұл өзгермесе, экономика көтерілмейді.

Мемлекеттік шығындар: білімге көп, медицинаға аз

Аймақтың жалпы шығыны – 1,46 трлн теңге. Оның жартысынан көбі (52,5%) білім беру саласына жұмсалған. Бірақ бұл шығындар қандай нәтиже береді? Егер жұмыс орындары болмаса, оқыған жастар басқа жерге көшіп кетеді.

Мемлекеттік шығындары ең жоғары аудандар:

1. Созақ ауданы – 3,03 млрд теңге

2. Келес ауданы – 2,12 млрд теңге

3. Жетісай ауданы – 1,94 млрд теңге

4. Сайрам ауданы – 1,83 млрд теңге

5. Түлкібас ауданы – 1,76 млрд теңге

Мемлекеттік шығындары ең төмен аудандар:

1. Кентау қаласы – 878 млн теңге

2. Арыс қаласы – 998 млн теңге

3. Ордабасы ауданы – 1,2 млрд теңге

4. Сауран ауданы – 1,35 млрд теңге

5. Бәйдібек ауданы – 1,37 млрд теңге

Аймақтың денсаулық сақтау саласына бөлген қаржысы – небәрі 2,2%. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсер етеді.

 

Түркістан облысы алдына нақты мақсат қоймаса, оның болашағы бұлыңғыр.

Негізгі мәселелер:

• Мемлекеттік трансферттерге тәуелділік – облыс өз кірістерін қалыптастыра алмайды.

• Бизнестің әлсіз дамуы – жергілікті экономика негізінен халықтан жиналған салықтарға тәуелді.

• Қалалық даму деңгейі төмен – халықтың 75%-дан астамы ауылды жерлерде тұрады.

• Инвесторлар үшін тартымдылық жоқ – өндіріс пен қызмет көрсету салалары әлсіз дамыған.

• Әлеуметтік салаларға аз қаржы бөлінеді – денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдау салалары жеткіліксіз қаржыландырылған.

Түркістан облысы өзін-өзі қамтамасыз ететін өңір болу үшін бизнес пен инвестицияға негізделген жаңа экономикалық саясат қажет. Егер жағдай өзгермесе, аймақ тек мемлекеттік қаржыландырудың арқасында күн көруді жалғастыра береді. Сұрақ біреу ғана – бұл саясат қанша уақытқа дейін созылмақ?

 

Дайындаған: Руслан Сұлтанов, экономист, арнайы www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top