Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметі бойынша 2025 жылдың алғашқы екі айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 19,02 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға аз.
Сауданың әлсіреуінің басты себебі – экспорт көлемінің 12,4%-ға төмендеуі (10,76 млрд доллар). Ал импорт 1,1%-ға қысқарып, 8,26 млрд доллар болды.
Экспорттың құрылымы:
Қазақстан экспорты шикізатқа тәуелділігін сақтап отыр:
• Мұнай мен мұнай өнімдері – 53,4%
• Мыс және мыс қорытпалары – 5,4%
• Мыс кендері – 3,4%
• Ферроқорытпалар – 3,2%
• Бидай – 2,2%
Импорттың құрылымы:
Импорттың басым бөлігі – тұтыну тауарлары:
• Жеңіл автокөліктер – 3,6%
• Олардың кузовтары – 3%
• Дәрі-дәрмектер – 3%
• Телефон аппараттары – 2,5%
• Газ тәрізді көмірсутектер – 2,3%
ЕАЭО елдерімен саудада – құлдырау
2025 жылдың екі айында ЕАЭО-мен өзара сауда айналымы 3,73 млрд доллар болды – 8,5%-ға төмендеді.
• Экспорт: -19,7%
• Импорт: -1,9%
Ресей – басты сауда серіктесі. ЕАЭО елдерімен жалпы сауда айналымының 90,4%-ы Ресейге тиесілі.
Қалған елдердің үлесі аз:
• Қырғызстан – 6,2%
• Беларусь – 3,3%
• Армения – 0,1%
Негізгі бағыттар өзгеріссіз қалуда:
• Экспорт:
Италия – 26,7%
Қытай – 15%
Ресей – 9,5%
• Импорт:
Қытай – 28,8%
Ресей – 28,5%
Оңтүстік Корея – 4,7%
Германия – 4,1%
Экспорттың қысқаруы, шикізатқа тәуелділік және сауда серіктестерінің географиялық тұрғыда шектеулі болуы – сыртқы экономикалық саясатта әртараптандыру мен құрылымдық өзгерістердің жоқтығын көрсетеді.
Дайындаған: Лина Егель қызы, EconomyKZ.org порталының сарапшысы


