EC[ON]OMY

Қазақстандағы халықаралық ақша аударымдарының жағдайы

2025 жылғы мамырда Қазақстан азаматтары халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 68,6 млрд теңгекөлемінде 156 мың транзакция жасаған. Алдыңғы аймен салыстырғанда операция саны 3,1%-ға, ал көлемі 14,1%-ға артқан. Бұл цифрлар халықтың белсенділігін көрсеткенімен, ақшаның көп бөлігі елден тыс жерге кетіп жатқанына назар аудару керек.

Аударымдардың небәрі 4,3%-ы Қазақстан ішінде жасалған. Қалғаны – шекара асып кеткен қаражат. Бұл ел ішіндегі еңбек мигранттарының немесе шетелдегі туыстарына қаржылай көмектесетін азаматтардың белсенділігін көрсетеді.

Қазақстаннан ең көп ақша жіберілген елдер:

•  Өзбекстан – 25,7 млрд ₸ (жалпы соманың 39,0%-ы)

•  Ресей – 17,9 млрд ₸ (27,2%)

•  Түркия – 10,6 млрд ₸ (16,1%)

•  Грузия – 3,3 млрд ₸ (5,0%)

•  Қырғызстан – 2,0 млрд ₸ (3,1%)

Өзбекстан бірінші орында. Бұл – Қазақстанда жұмыс істейтін өзбекстандық еңбек мигранттарының санының көптігінен. Мұндай құрылым шекарааралық экономикалық қатынастар мен халық қозғалысын көрсетеді.

Барлық аударымдардың 88,8%-ы дәл осы жүйе арқылы өткен. Бұл – «Золотая Корона» жүйесінің Қазақстандағы жеке үстемдігін көрсетеді. Western Union, MoneyGram сияқты халықаралық ойыншылардың үлесі мардымсыз.

Қазақстанға мамыр айында 50,9 мың транзакция арқылы 19 млрд теңге келген. Бұл – сыртқа кеткен қаражаттың үштен бірі ғана.

Қазақстанға ең көп ақша жіберілген елдер:

•  Ресей – 4,6 млрд ₸ (24,2%)

•  Ұлыбритания – 3,6 млрд ₸ (18,8%)

•  Өзбекстан – 2,0 млрд ₸ (10,4%)

•  АҚШ – 1,83 млрд ₸ (9,6%)

•  Түркия – 1,55 млрд ₸ (8,2%)

Ұлыбритания мен АҚШ-тың бұл тізімде болуы шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың да саны артып келе жатқанын байқатады. Бұл – елге келетін шетелдік қаражатты көбейтудің бір жолы.

Аударым валюталарының үлесі:

•  Жіберілген қаражат: доллар – 32,7%, теңге – 57,2%

•  Қабылданған қаражат: доллар – 57,3%, теңге – 19,7%

Бұл доллардың әлі де халықаралық есеп айырысуда басты орын алатынын көрсетеді. Бұл мынадай салдарға алып келеді:

1. Теңгенің айырбас бағамына тәуелділік артады.

2. АҚШ-тың пайыздық саясаты біздің нарыққа әсер етеді.

3. Халықтың долларлануы экономикалық тұрақсыздыққа себеп болады.

Мына бағыттарға назар аудару керек:

•  Цифрлық қызметтерді дамыту: аударым комиссиясын төмендету – халық үшін маңызды.

•  Бәсекелестікті күшейту: бір жүйеге тәуелділік қауіп төндіреді.

•  Аударымдар ағынын елге тарту: шетелдегі азаматтардан елге инвестиция тарту мүмкіндігі.

•  Қаржылық сауаттылықты арттыру: валюта бағамдарына тәуелді болмау үшін.

СМДП арқылы ақша жіберу – бұл тек қаржылық емес, әлеуметтік құбылыс. Бұл еңбек нарығының, халық қозғалысының, валютаға деген сенімнің айнасы. Қазақстан әлі де ақша жіберуші ел ретінде қалып отыр. Бірақ бұл – экономикалық саясатты қайта ойлауға мүмкіндік.

Мемлекет үшін бұл – маңызды деректер: қаржылық реттеуді жақсарту, халықпен жұмыс істеу және ұлттық валюта тұрақтылығын арттыру жолындағы нақты құрал.

Дайындаған: Ален Серік, EconomyKZ.org порталының сарапшысы

Scroll to Top