EC[ON]OMY

Қазақстанда кешенді жоспарлары: Формализм мен шындық

Қазақстанда қазіргі таңда елу шақты кешенді жоспар бар. Бұл асыра сілтеу емес. Құжаттар барлық саланы қамтиды: Балқаш, Жаңатас, Риддер сияқты қалалардан бастап, тұтас агломерациялар мен салаларға, тіпті әлеуметтік мәселелерге дейін.

  Бірі — өңірлер мен агломерацияларды дамытуға арналған;

  Бірі — газ, машина жасау, фармацевтика мен су шаруашылығы сияқты салаларға;

  Бірі — нашақорлықпен күрес, жемқорлықтың алдын алу, еңбек идеологиясын насихаттау мен шахматты дамыту сынды бағыттарда.

Бірақ осының бәрін «кешенді жоспар» деген тіркестен басқа не біріктіреді?

Ең сүйікті шара — «мәселені пысықтау». Бұл не деген сөз? Кездесу өткізу ме, ақпарат сұрау ма, хат жазу ма, талқылау ма? Немесе жай ғана — ештеңе істемеу ме? Әдетте соңғысы. Формулировка әмбебап, бірақ пайдасы шамалы.

Нәтиже — формализм. Көптеген жоспарларда соңғы нәтиже ретінде жазылғаны — «Үкіметке және/немесе мемлекеттік органдарға ақпарат жолдау». Қандай ақпарат? Қай шешіммен? Содан кейін не болады? — белгісіз. Кейде бұл нақты жұмыс орнына жай ғана «нүкте» қою тәсілі сияқты.

Ал шын мәнінде, кешенді жоспар пайда әкелетін құжат болу үшін ол:

  нақты стратегиямен және қаржыландырумен байланысты болуы керек

  мониторинг жүйесіне кіріктірілген болуы тиіс

  нақты көрсеткіштер мен есеп беру механизмін қамтуы қажет

Әйтпесе, бұл тек бар құжаттарды қайталайтын, нақты жұмысты ысырып тастайтын формальді тіркеме ғана.

Мүмкін, енді «кешенді жоспарларды қысқарту жөніндегі кешенді жоспарды» іске қосатын уақыт келген шығар? Әйтсе де үміт үзгіміз келмейді. Көптеген құжаттардың мерзімі аяқталатын 2025 жыл нақты нәтижеге басымдық берілетін бұрылыс жылы болады деп сенгіміз келеді.

 

Дайындаған: Баян Әбдрахманова, Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының консультанты, арнайы www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top

Discover more from EC[ON]OMY

Subscribe now to keep reading and get access to the full archive.

Continue reading