EC[ON]OMY

Қазақстан банк жүйесіндегі мемлекеттік қолдау: негізгі фактілер

Қазақстанның банк жүйесі дағдарыстан кейінгі кезеңге өткен кезде проблемалық кредиттердің өсуі, активтердің сапасының төмендеуі және құрылымдық теңгерімсіздіктің күшеюі байқалды. Осындай жағдайда мемлекет қаржы жүйесін тұрақтандыру және тәуекелдердің ары қарай жиналуын тоқтату үшін арнайы тетік әзірлеуге мәжбүр болды.

Осы себепті 2017 жылы мемлекеттік уәкілетті орган (Ұлттық Банк) Банк секторінің қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасын (ПФУ) іске қосты. Бағдарлама банк жүйесіндегі терең мәселелерді шешуге және қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталды.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары

  • ⁠ ⁠капитал тапшылығына тап болған жүйелік маңызды банктерді қолдау;
  • ⁠ ⁠баланстарды проблемалық кредиттерден тазарту;
  • ⁠ ⁠90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесін төмендету;
  • ⁠ ⁠банк жүйесіне деген сенімді қайтару;
  • ⁠ ⁠экономиканы кредиттеуді қалпына келтіру үшін жағдай жасау.

Мемлекеттік қолдаудың форматы

ПФУ аясында банктерге мемлекет тарапынан 15 жылға дейінгі мерзімге, шамамен 4% мөлшерлемемен субординирленген облигациялар берілді. Бұл банктерге активтер сапасын біртіндеп жақсартуға және капиталды қайта толықтыруға мүмкіндік берді.

Бағдарламаға қатысқан банктер және қолдау көлемі

  • ⁠ ⁠Евразиялық банк — 150 млрд тг
  • ⁠ ⁠АТФБанк — 100 млрд тг
  • ⁠ ⁠Цеснабанк — 100 млрд тг
  • ⁠ ⁠Банк ЦентрКредит — 60 млрд тг
  • ⁠ ⁠Bank RBK — 243,7 млрд тг
  • ⁠ ⁠Нурбанк — 46,8 млрд тг

Сонымен қатар, Казкоммерцбанкке 250 млрд теңгелік депозит берілді, кейін бұл активтерді «Халық банкі» мұра етті. Жалпы мемлекеттік қолдау 700 млрд теңгеден асты, ал кейбір банктердегі «улы» активтерді сатып алу арқылы нақты көмек көлемі одан да жоғары болды.

Жекелеген банктердің жағдайы

Казкоммерцбанк (ККБ)

  • ⁠ ⁠Негізгі проблема — БТА банкпен бірігуден кейін қалған өте үлкен көлемдегі проблемалық кредиттер.
  • ⁠ ⁠Бұл капиталдың еруіне және дефолт қаупіне әкелді.
  • ⁠ ⁠Мемлекет банк құлауын болдырмау үшін 250 млрд тг депозит бөліп, кейін бірқатар активтерді сатып алды.

Цеснабанк

  • ⁠ ⁠Ауыл шаруашылығына берілген субсидияланған және валюталық кредиттердің үлесі жоғары болды.
  • ⁠ ⁠Аграрлық сектордағы жағдай нашарлағанда портфель сапасы күрт төмендеді.
  • ⁠ ⁠2018-2019 жж. мемлекет 1 трлн теңгеден астамагрокредиттерді сатып алды.

Bank RBK

  • ⁠ ⁠2017 жылы міндеттемелер бойынша дефолт болды.
  • ⁠ ⁠Несие берудегі шоғырлану және байланысты кредиттер капиталының құлдырауына әкелді.
  • ⁠ ⁠Мемлекеттік қолдау қаржы жүйесінде сенімнің толық жоғалуын тоқтату үшін берілді.

Банк ЦентрКредит

  • ⁠ ⁠2014-2015 жж. дағдарыстардан зардап шеккен корпоративтік кредиттердің үлесі жоғары болды.
  • ⁠ ⁠Бағдарлама банкке резервтерді толықтыруға және балансын тазартуға мүмкіндік берді.

Евразиялық банк

  • ⁠ ⁠Портфельдегі тәуекелі жоғары тұтынушылық кредиттер, сондай-ақ ескі NPL көлемі қайта капиталдандыруды талап етті.

АТФБанк

  • ⁠ ⁠Капитал құрылымы әлсіз болды, проблемалы активтер үлесі жоғары болды.
  • ⁠ ⁠ПФУ шеңберіндегі қолдау банкке жаңа инвестор келуі үшін қажетті шарт болды.

Нурбанк

  • ⁠ ⁠2019 жылғы активтердің сапасын тексеру (AQR) нәтижесінде резервтерді айтарлықтай ұлғайту қажет болды.
  • ⁠ ⁠Акционерлер де өз қаражатын енгізіп, капитал жеткіліктілігін қалпына келтірді.

2023-2025 жж. мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын өтеу

Қаржы көрсеткіштері күшейгеннен кейін бірқатар банктер мемлекеттік қолдауды ерте қайтара бастады.

Халық Банкі (ККБ депозиті — 250 млрд тг)

  • ⁠ ⁠Мамыр 2023 — 28,4 млрд тг
  • ⁠ ⁠Желтоқсан 2023 — 40 млрд тг
  • ⁠ ⁠Сәуір 2024 — 181,6 млрд тг

→ Толық өтелді.

Банк ЦентрКредит

  • ⁠ ⁠Желтоқсан 2024 — 20 млрд тг
  • ⁠ ⁠Сәуір 2025 — 10 млрд тг
  • ⁠ ⁠Тамыз 2025 — 30 млрд тг

→ Мемлекеттік қолдау толық жабылды.

Bank RBK

  • ⁠ ⁠2022-2024 — 67 млрд тг
  • ⁠ ⁠24 қараша 2025 — 176,8 млрд тг

→ Толық өтелді.

Евразиялық банк

  • ⁠ ⁠29 қазан 2025 — 30 млрд тг (жалпы соманың 20%)

→ Қайтару кезең-кезеңімен жалғасады.

Нурбанк

  • ⁠ ⁠27 қараша 2025 — 4,5 млрд тг (9,6%)

Alatau City Bank (бұрынғы Jusan, АТФБанк, Цеснабанк)

  • ⁠ ⁠18 қыркүйек 2025 — 50 млрд тг (20 млрд + 30 млрд)

Неліктен банктер жедел қайтарып жатыр?

1.⁠ ⁠Дивидендтерге қойылған шектеулер

Мемлекеттік көмекті өтемеген банктер дивиденд төлей алмайды.

Капиталы мықты банктер үшін бұл — маңызды фактор.

2.⁠ ⁠Капитал мен резервтерге қойылатын жаңа талаптар (1 қыркүйек 2025 бастап)

Жаңартылған минималды резервтік талаптар (МРТ) банктерді көбірек резерв жинауға міндеттеді.

Мемлекеттік қарыз болған жағдайда резерв жүктемесі одан сайын өседі.

3.⁠ ⁠Репутациялық әсер

Қолдауды ерте қайтару банк беделін көтереді, инвесторлар сенімін арттырады.

Мемлекеттік көмекті қайтару банктерге қандай пайда береді?

  • ⁠ ⁠дивиденд төлеу еркіндігі;
  • ⁠ ⁠капитал құрылымының жақсаруы;
  • ⁠ ⁠субординирленген қарызды қызмет көрсету шығынының азаюы;
  • ⁠ ⁠толық нарықтық, мемлекетке тәуелсіз банк ретінде позициялану;
  • ⁠ ⁠реттеуші талаптарды жеңіл орындау.

Неліктен бұрын қайтарылмады?

2022-2023 жылдарға дейін:

  • ⁠ ⁠банктердің қаржылық жағдайы тұрақсыз болды;
  • ⁠ ⁠COVID-19 және РФ-Украина соғысының салдары сезілді;
  • ⁠ ⁠реттеуші ынталандырулар әлсіз еді.

Тек талаптар күшейгеннен кейін ерте өтеудің экономикалық мәні пайда болды.

Мемлекеттік қолдау және кейінгі қатаң регуляторлық саясат банк секторын толық сауықтыруға мүмкіндік берді. Бүгінде банктер бағдарламадан шығып, нарықтық жағдайға қайта оралып жатыр. Бұл қаржы жүйесінің тәуелсіз, тұрақты және жауапты модельге көшкенін көрсетеді.

Тоқтасын Бақберген, Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы, арнайы www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top

Discover more from EC[ON]OMY

Subscribe now to keep reading and get access to the full archive.

Continue reading