Бүгінгі цифрлық дәуірде кәсіби желілер жұмыс табуда және мансаптық өсу үшін маңызды құралға айналды. LinkedIn – әлемдегі ең ірі кәсіби платформа. Ол тәжірибе мен дағдыларды көрсетіп қана қоймай, жаңа адамдармен танысып, пікір алмасып, жұмыс пен мүмкіндіктер табуға көмектеседі.
Көптеген зерттеулер дәстүрлі байланыстарды (мысалы, жеке кездесулер, конференциялар) қарастырады. Алайда, LinkedIn секілді кәсіби әлеуметтік желілердің рөлі әлі де толық зерттелмеген. Біз бұл мақаламызда LinkedIn-нің нетворкингтегі маңызын талдап, Қазақстан мен Ұлыбританиядағы қолдану деңгейін салыстырамыз.
LinkedIn нетворкингке қалай көмектеседі?
LinkedIn платформасы арқылы сіз:
- Өзіңіздің кәсіби тәжірибеңізді көрсете аласыз. Профильіңіз – бұл жұмыс берушілер мен әріптестер үшін «тірі түйіндеме».
- Жаңа байланыстар орната аласыз. LinkedIn арқылы адамдармен оңай танысып, әлсіз байланыстар (мысалы, таныс адамдар арқылы) арқылы жаңа мүмкіндіктерге ие болуға болады.
- Сарапшылардан кеңес алып, тәжірибе бөлісе аласыз. Қызығушылықтарыңызға сай кәсіби қауымдастықтарға қосылып, трендтерді бақылап отыруға болады.
LinkedIn-ді қай елдер көбірек қолданады?
LinkedIn-нің ең көп қолданушылары АҚШ-та – 200 миллион. Одан кейін Үндістан (99 млн), Қытай (60 млн), Бразилия (59 млн), Ұлыбритания (35 млн) және Франция (26 млн).
Ал Қазақстанда бұл платформа әлі де кең таралмаған – небәрі 1,6 миллион адам ғана пайдаланады. LinkedIn көбінесе IT мамандары мен HR мамандар арасында танымал. Көпшілік бұл платформаның мансапқа қалай көмектесетінін әлі толық түсіне бермейді.
Ұлыбританияда LinkedIn барлық салаларда кең қолданылады. Әсіресе, жұмысқа қабылдаушылар, жас мамандар мен жоғары лауазымды басшылар үшін маңызды құралға айналды. COVID-19 пандемиясы кезінде бұл платформа тіпті одан әрі сұранысқа ие болды.
LinkedIn қандай мансаптық мүмкіндіктер береді?
Қазақстан үшін:
- Әлемдік компаниялар мен мамандармен байланыс орнату
- Халықаралық салаларда маман ретінде танылу
- Шетелдік жұмыс және оқу бағдарламаларына қол жеткізу
Ұлыбритания үшін:
- Жеке брендті қалыптастыру
- Түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарына оңай қол жеткізу
- Біліктілікті арттыру және үздіксіз оқу мүмкіндігі
Ғылыми зерттеулер не дейді?
LinkedIn-ді белсенді қолданатын адамдар мансаптық мүмкіндіктерге жиі ие болады. Зерттеулер көрсеткендей:
- Байланыстар саны емес, LinkedIn-ді қаншалықты жиі қолданатыныңыз маңыздырақ.
- Платформаны пассивті қолдану (посттарды оқу, жаңалықтарды қарау) пайдалы ақпарат алуға көмектеседі.
- Нетворкинг дағдысы LinkedIn-ді тиімді пайдаланудың басты факторы.
LinkedIn – тек түйіндеме жүктейтін сайт емес, ол мансапты дамытудың қуатты құралы. Қазақстанда бұл платформа әлі толық пайдаланылмағанымен, дұрыс қолданса, қазақстандық мамандар жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алады.
Қазақстанға арналған ұсыныстар:
- LinkedIn қолдануды үйрететін оқыту бағдарламаларын әзірлеу
- Студенттерге, жас мамандарға, шағын бизнес иелеріне бағытталған тренингтер ұйымдастыру
- Тиімді профиль жасау, желіні пайдалану және жұмыс іздеу стратегияларын үйрету
- Қазақстандық LinkedIn қолданушыларының тәжірибесімен бөлісетін вебинарлар өткізу
- Жергілікті бос жұмыс орындарын көбейту және кәсіби қауымдастықтар құру
-
- Қазақстандық компанияларды LinkedIn-де белсенді болуға шақыру
- Сала бойынша топтар құрып, сараптамалық талқылаулар ұйымдастыру
- ЖОО-лармен жұмыс істеп, студенттерді LinkedIn арқылы стажировкалар мен тәжірибелер табуға ынталандыру
- Қазақ және орыс тілінде контент жасауды дамыту
-
- Екі тілде мақалалар, посттар және кеңестер жазуды қолдау
- Қазақша және орысша пікірталастарды дамытуға үлес қосатын мамандарды ынталандыру
- Жергілікті контент жасау бойынша нұсқаулықтар дайындау
LinkedIn дұрыс қолданылса, Қазақстан мамандарының әлемдік деңгейде таныла түсуіне үлкен мүмкіндік ашады.