EC[ON]OMY

Экономикалық мектептер: маржинализм

XIX ғасыр соңында классикалық теория түсіндіре алмаған бір сұрақ шықты: неге өмірге қажетті наннан гөрі, пайдалы емес алмаз қымбат? Еңбек теориясы бұл сұраққа жауап бере алмады. Экономистер жаңа жол іздеп, нәтижесінде маржинализм дүниеге келді.

Бұл бағыттың мәні – құн адамның жеке бағалауымен анықталады. Яғни, баға – соңғы бірлік (маржиналдық) пайданың деңгейіне байланысты. Бір өнімнің құны – оған қанша еңбек жұмсалғанына емес, оның тұтынушы үшін қаншалықты қажет екеніне байланысты.

Маржинализмді үш ғалым бір мезгілде, бірақ тәуелсіз түрде дамытты: Уильям Джевонс (Англия), Карл Менгер (Австрия) және Леон Вальрас (Франция-Швейцария). Менгер Австриялық мектептің негізін қалады, ал Вальрас жалпы тепе-теңдік моделін жасады, Джевонс экономикаға математикалық әдіс енгізді.

Осы мектеп кейіннен неоклассикалық бағыттың негізіне айналды.

 

Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы, арнайы www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top