EC[ON]OMY

Экономикалық мектептер: марксистік

XIX ғасырдың ортасында Карл Маркс пен Фридрих Энгельс классикалық экономикаға қарсы өз көзқарастарын ұсынды. Олар үшін экономика – тек нарық емес, қоғамдағы таптар арасындағы қатынас.

Маркстың «Капитал» атты еңбегінде капитализм – жұмысшы еңбегімен жасалған құнды иеленетін жүйе ретінде сипатталады. Негізгі идея – қосымша құн теориясы. Жұмысшы жалақыдан артық құн жасайды, ал бұл артық құн капитал иесінің пайдасы болып кетеді. Бұл – Маркс түсінігінде қанау.

Маркс экономикаға тарихилық әкелді: капитализм – мәңгілік жүйе емес, ол да феодализм сияқты өтпелі саты. Оны социализм алмастыруы керек деп есептеді.

XX ғасырда марксизм кеңінен тарады: Ленин, Роза Люксембург, Антонио Грамши сынды ойшылдар оны дамытты. Әлемнің біраз елдері бұл теорияны мемлекеттік идеология ретінде қабылдады. Қазіргі таңда да марксизмге қызығушылық артып келеді – әсіресе, теңсіздік пен экологиялық дағдарыс аясында.

 
 
Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы, арнайы www.economyKZ.org үшін

Scroll to Top