Австриялық мектеп маржинализмнің бір тармағы ретінде пайда болып, кейін өз алдына жеке бағытқа айналды. Оның негізін қалаушы – Карл Менгер. Бірақ негізгі тұлға – Людвиг фон Мизес. Ол адамның әрекеті мен еркін таңдауы экономика негізінде жатыр деді.
Мизестің шәкірті Фридрих Хайек нарықты – білім алмасу жүйесі ретінде сипаттады. Яғни, нарықтағы баға – миллиондаған адамның қабылдаған шешімдерінің көрінісі. Сондықтан мемлекеттің араласуы бұл «тілді» бұзады деді.
2008 жылғы дағдарыстан кейін австриялық мектепке деген қызығушылық арта түсті. Олар мемлекеттік араласу мен арзан ақшаның қауіпті екенін ерте ескерткен еді.
Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы, арнайы www.economyKZ.org үшін


