EC[ON]OMY

Дәрілік заттарды таңбалау іс жүзінде қалай жұмыс істейді?

Дәрілік заттарды таңбалау жүйесі фармацевтика нарығының ажырамас бөлігіне біртіндеп айналып келеді. Бірақ қағаз жүзіндегі талап пен күнделікті тәжірибе әрдайым бірдей бола бермейді. Сондықтан бұл жүйенің шынайы өмірде қалай жұмыс істеп жатқанын түсіну маңызды. Бұл тек сала өкілдеріне ғана емес, қарапайым пациенттерге де қатысты.

Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы «Дәрілік заттарды таңбалау іс жүзінде қалай жұмыс істейді?» атты онлайн сауалнама жүргізіп жатыр. Мақсаты — фармацевтерден, өндірушілерден, дистрибьюторлардан, дәріханалардан және қарапайым тұтынушылардан нақты кері байланыс алу.
Сізді сауалнамаға қатысып, өз тәжірибеңізбен бөлісуге шақырамыз.

Сілтеме арқылы өтіп, дауыс беріңіз.

https://forms.gle/e65JybTVKqEFgiiM7

Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы арнайы EconomyKZ.org үшін

Scroll to Top