Ақмола облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан маңызды әкімшілік және экономикалық аймақ. Ресеймен шекаралас аймақ болғандықтан, екі ел арасындағы сауда байланыстары жақсы дамыған. Дегенмен облыс ішінде экономикалық теңсіздік мәселелері айқын байқалады.
Облыс халқы – 787 976 адам, оның 56,6%-ы қала тұрғындары. Адамдар негізінен облыс орталығына шоғырланған.
|
Халқы ең көп 5 аудан: |
Халқы ең аз 5 аудан: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
• Жақсы ауданы – 15 741 адам |
Бұл айырмашылық аймақтардың дамуына кедергі келтіруде. Қалаларға қарағанда шағын аудандарда инфрақұрылым әлсіз, жұмыс орындары аз, экономикалық белсенділік төмен.

Кірістер: бюджетке тәуелділік жоғары
Облыстың жылдық кірісі – 635,9 млрд теңге. Бірақ бұл соманың 70%-ы республикалық бюджеттен бөлінген трансферттерден тұрады. Яғни, Ақмола облысы өз экономикалық әлеуетін толық пайдаланып отырған жоқ.
|
Кірісі ең жоғары 5 аудан: |
Кірісі ең төмен 5 аудан: |
|
• Көкшетау – 52,5 млрд теңге |
• Егіндікөл ауданы – 460 млн теңге |
|
• Степногорск – 9,2 млрд теңге |
• Қорғалжын ауданы – 553 млн теңге |
|
• Бурабай ауданы – 9,06 млрд теңге |
• Жарқайың ауданы – 994 млн теңге |
|
• Целиноград ауданы – 6,38 млрд теңге |
• Сандықтау ауданы – 1,16 млрд теңге |
|
• Зеренді ауданы – 4,71 млрд теңге |
• Жақсы ауданы – 1,32 млрд теңге |
Облыстың өзін-өзі қаржыландыру деңгейі төмен. Егер бюджеттен бөлінетін қаржы азайса, облыстың экономикасы қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
Салық түсімдері: кәсіпкерлік әлсіз дамыған
Облысқа түскен салықтардың басым бөлігі жеке табыс салығы (37,3%) мен әлеуметтік төлемдерден (22,4%) тұрады. Ал корпоративтік табыс салығы – небәрі 13,2%, бұл өңірде бизнес секторының әлсіз екенін көрсетеді.
|
Бір адамға шаққандағы салық түсімі ең жоғары 5 аудан: |
Бір адамға шаққандағы салық түсімі ең төмен 5 аудан: |
|
• Көкшетау – 248 мың теңге |
• Қосшы – 54 мың теңге |
|
• Аршалы ауданы – 147 мың теңге |
• Қорғалжын ауданы – 63 мың теңге |
|
• Степногорск – 136 мың теңге |
• Сандықтау ауданы – 64 мың теңге |
|
• Зеренді ауданы – 133 мың теңге |
• Целиноград ауданы – 67 мың теңге |
|
• Бурабай ауданы – 119 мың теңге |
• Астрахан ауданы – 68 мың теңге |
Бизнестің әлсіз дамуы облыс бюджетінің тұрақтылығына кері әсерін тигізуде.

Шығындар: басымдықтар дұрыс қойылған ба?
Жалпы облыстық бюджет – 598,7 млрд теңге. Оның ішінде білім беру саласына 38,7% бөлінсе, денсаулық сақтауға тек 2,4% бөлінген. Бұл өңірлік саясаттағы басымдықтарды қайта қарау қажет екенін көрсетеді
|
Мемлекеттік қызметтерге ең көп қаржы бөлген 5 аудан: |
Мемлекеттік қызметтерге ең аз қаржы бөлген 5 аудан: |
|
• Көкшетау – 5,38 млрд теңге |
• Қорғалжын ауданы – 521 млн теңге |
|
• Степногорск – 4,00 млрд теңге |
• Егіндікөл ауданы – 559 млн теңге |
|
• Астрахан ауданы – 1,98 млрд теңге |
• Қосшы – 701 млн теңге |
|
• Зеренді ауданы – 1,92 млрд теңге |
• Біржан Сал ауданы – 773 млн теңге |
|
• Атбасар ауданы – 1,88 млрд теңге |
• Сандықтау ауданы – 834 млн теңге |
|
Топ 5 лидері әлеуметтік қызметтерге бөлінген қаржы бойынша: |
Топ 5 аутсайдері әлеуметтік қызметтерге бөлінген қаржы бойынша: |
|
• Көкшетау – 2,96 млрд теңге |
• Егіндікөл ауданы – 87 млн теңге |
|
• Бурабай ауданы – 1,01 млрд теңге |
• Қорғалжын ауданы – 132 млн теңге |
|
• Степногорск – 793 млн теңге |
• Біржан Сал ауданы – 218 млн теңге |
|
• Атбасар ауданы – 647 млн теңге |
• Сандықтау ауданы – 224 млн теңге |
|
• Целиноград ауданы – 575 млн теңге |
• Жақсы ауданы – 234 млн теңге |
Болашаққа болжам: аймақ дамудың қай жолын таңдайды?
Қазіргі таңда Ақмола облысының экономикасы сырттан қаржыландыруға тәуелді. Бұл модель ұзақ мерзімді перспективада тұрақты болмайды. Облысты дамытудың негізгі бағыттары:
1. Бюджетке тәуелділікті азайту – жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз кірістерін арттыру қажет.
2. Аймақтар арасындағы теңсіздікті жою – инфрақұрылымды дамыту арқылы шағын аудандарды экономикалық белсенді ету.
3. Салық базасын кеңейту – бизнестің үлесін арттыру арқылы бюджет кірістерін ұлғайту.
4. Шығындарды қайта қарау – денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаларға көбірек көңіл бөлу.
Ақмола облысы тұрақты экономикалық модель қалыптастыру үшін жаңа стратегия әзірлеуі керек. Әйтпесе, ол дотациялық аймақ ретінде қалып қойып, дамудан артта қалу қаупі бар.


