2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның байланыс саласы өсімін жалғастырды. Байланыс қызметтерінің жалпы көлемі 1,22 трлн теңгеге жетті. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Өсімнің негізгі қозғаушысы — интернет. Ал пошта және курьерлік қызметтерде өсім бар, бірақ бұрынғы жылдардағыдай жылдам емес. Сала біртіндеп жаңа тепе-теңдікке келіп жатыр.
Байланыс қызметтерінің нақты көлем индексі 104% болды. Өткен жылғы көрсеткіш — 103,9%. Өсім аса үлкен емес, бірақ тұрақты. Бұл нарықтың пісіп-жетілгенін көрсетеді. Ең жоғары өсім интернет қызметтерінде — 114,1%. Мобильді байланыс 100,4% деңгейінде, ал дәстүрлі ұялы байланыс қызметтері мүлде өспеген. Себебі телефон арқылы сөйлесу бүгінде негізгі өнім емес, қолданушылар деректерді пайдалануға көшті.
Қазақстанда 27,3 млн мобильді абонент бар. Бұл халық санынан көп, себебі бір адамда бірнеше SIM-карта болады, корпоративтік нөмірлер де бар. Мобильді интернет қолданушылары — 19,3 млн. Фиксацияланған интернет пайдаланушылар саны — 3,28 млн. Ал стационарлық телефон желілері — 2,22 млн. Бұл қызметтің азайып бара жатқаны анық.
Аймақтар бойынша көрініс қатты өзгеше. Алматы — 661,8 млрд теңге, Астана — 326,8 млрд теңге көлемінде. Бұл екі қала нарықтың негізгі бөлігін қамтиды. Бұған басты себеп — ең ірі байланыс операторлары осы қалаларда тіркелген. Қалған өңірлерде нарық көлемі халық саны мен инфрақұрылымға қарай қалыптасады.
Карағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстары тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бұл — өнеркәсіптік аймақтар, сондықтан өндірістегі цифрландыру байланыс қызметтеріне сұранысты арттырады. Жетісу, Қызылорда және Ұлытау — көлемі жағынан кіші өңірлер, өсім қарқыны да баяу.
Пошта және курьерлік қызметте басқа жағдай. Нақты көлем индексі 100,9% болды — бұл өткен жылғы 106,4%-дан әлдеқайда төмен. Соған қарамастан, ақшалай көлемі 70,8 млрд теңгеге жетіп, 9,9% өсті. Физикалық өсім баяу, ал ақшалай өсім тарифтер мен бағалардың өзгеруіне байланысты.
Бұл сектор пандемиядан кейінгі жылдардағы жедел өсімнен кейін қалыпты жағдайға өтті. E-commerce нарығы тұрақталды, компаниялар логистиканы тиімдіre етіп жандандыруда, сондықтан экспоненциалды өсім жоқ.
Ай сайынғы динамика да осыны көрсетеді: байланыс қызметтері жыл бойы тұрақты түрде 102–104% диапазонында жүрсе, курьерлік қызмет 100,9% деңгейінде қалып отыр. Бұл саладағы тепе-теңдіктің қалпына келгенін білдіреді.
Статистика әдістемесі көрсеткендей, байланыс қызметтеріне деректерді жеткізу, интернет, мобильді байланыс, телерадио хабар тарату және телефон байланысының барлық түрлері кіреді. Интернет өсуі осы қызметтердің бәрінің жалпы динамикасын сақтап тұр.
Фиксирленген интернеттің 3,28 млн абоненті бар — бұл қызметтің әлі де маңызды екенін дәлелдейді. Мобильді интернет кең таралғанымен, үй және кеңсе интернеті қажеттілігін алмастырмайды. Бұл қала мен ауыл арасындағы табиғи баланс.
Оңтүстік өңірлер — Түркістан, Шымкент — халық санының өсуіне байланысты байланыс қызметтері бойынша да өсім көрсетіп отыр. Шымкентте көлем 9,7 млрд теңгеден 12 млрд теңгеге ұлғайған.
Пошта және курьерлік қызметтің үлесі шағын — жалпы нарықтың 6%-дан аз. Дегенмен ішкі сауда үшін бұл маңызды сегмент. Ақшалай өсімнің 10%-ға жуық болуы сұраныстың әлі де бар екенін көрсетеді.
Сала динамикасына қарасақ, Қазақстан байланыс нарығының алғашқы тез өсу кезеңін аяқтап, енді сапалы өсім кезеңіне өтіп жатыр. Интернет негізгі инфрақұрылымға айналды. Мобильді байланыс қаныққан. Курьерлік қызмет тұрақты кезеңге өтті.
Бұл — маңызды тенденция. Алдағы жылдары саланың дамуы деректерді беру жылдамдығын арттыруға, өңірлік инфрақұрылымға, жоғары жылдамдықтағы интернетке инвестицияларға тәуелді болады. Өнеркәсіптік аймақтарда сұраныс жоғары болады. Тұрмыстық сегментте — баяу, бірақ тұрақты өсім болады.
2025 жылдың басты қорытыныдысы: интернет экономиканың негізіне айналып үлгерді. Байланыс — тек қызмет емес, экономикалық процестердің өзегіне айналған инфрақұрылым.
Сұлтан Валиханов, EconomyKZ.org порталының сарапшысы


