Жамбыл облысында 1 222 593 адам тұрады. Оның 56,6%-ыауылдық жерлерде, ал 43,4%-ы қалада тұрады. Бұл жағдай аймақтың әлеуметтік және экономикалық теңгерімсіздігіне әсер етеді.
Ең көп халық шоғырланған аудандар:
• Тараз – 431 192 адам
• Қордай ауданы – 158 590 адам
• Байзақ ауданы – 106 358 адам
• Шу ауданы – 106 227 адам
• Меркі ауданы – 88 683 адам
Ең аз халқы бар аудандар:
• Мойынқұм ауданы – 28 435 адам
• Сарысу ауданы – 44 088 адам
• Талас ауданы – 48 812 адам
• Жуалы ауданы – 54 341 адам
• Т. Рысқұлов ауданы – 67 481 адам
Кейбір аудандарда халық саны өте аз болғандықтан, оларда экономикалық даму бәсең жүріп жатыр.

Аймақтың кірістері: бюджетке тәуелділік
Жамбыл облысының бюджеті негізінен мемлекеттік трансферттерге сүйенеді: кірістің 74,4%-ы республикалық бюджеттен келеді. Аймақтың жалпы кірісі 701,4 млрд теңге.
Кірісі ең жоғары аудандар:
• Тараз – 7,99 млрд тг
• Тарбағатай ауданы – 1,94 млрд тг
• Көкпекті ауданы – 1,94 млрд тг
• Катонқарағай ауданы – 2,4 млрд тг
• Күршім ауданы – 2,66 млрд тг
Кірісі ең төмен аудандар:
• Талас ауданы – 2,96 млрд тг
• Мойынқұм ауданы – 3,04 млрд тг
• Жуалы ауданы – 3,41 млрд тг
• Байзақ ауданы – 4,05 млрд тг
• Т. Рысқұлов ауданы – 4,33 млрд тг
Бұл жағдай аймақтың өз бетінше дамуына мүмкіндік бермейді. Кәсіпкерліктің әлсіздігі аймақтың экономикалық әлсіздігін айқын көрсетеді.

Салық түсімдері: негізгі салмақ қарапайым халыққа түседі
Жалпы салық түсімдерінің 39,2%-ы жеке табыс салығынан жиналса, заңды тұлғалардан түскен корпоративтік табыс салығы 11,3%-ды ғана құрайды. Бұл аймақтағы бизнес деңгейінің әлсіздігін көрсетеді.
Жан басына шаққандағы салық түсімі жоғары аудандар:
• Мойынқұм ауданы – 99,6 мың тг
• Сарысу ауданы – 96,7 мың тг
• Тараз – 83,1 мың тг
• Жамбыл ауданы – 69,5 мың тг
• Шу ауданы – 65,5 мың тг
Салық түсімі төмен аудандар:
• Байзақ ауданы – 36,3 мың тг
• Қордай ауданы – 39,9 мың тг
• Талас ауданы – 53,9 мың тг
• Меркі ауданы – 55,1 мың тг
• Жуалы ауданы – 61,4 мың тг
Егер аймақта жеке кәсіпкерлік пен өндіріс дамымаса, салық базасы әлсіз болып қала береді. Бұл жағдай аймақтың экономикалық тәуелсіздігіне кері әсерін тигізеді.

Бюджет шығыстары: білімге басымдық, медицинаға аз қаражат
Жамбыл облысының жалпы бюджеті 728 млрд тг. Оның 47,2%-ы білім беру саласына, 16%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, ал денсаулық сақтау саласына небәрі 2,7% бөлінген.
Ең көп мемлекеттік шығын жұмсалған аудандар:
• Шу ауданы – 2,87 млрд тг
• Сарысу ауданы – 2,59 млрд тг
• Тараз – 2,52 млрд тг
• Жамбыл ауданы – 2,32 млрд тг
• Қордай ауданы – 2,31 млрд тг
Ең аз қаражат бөлінген аудандар:
• Жуалы ауданы – 1,35 млрд тг
• Мойынқұм ауданы – 1,63 млрд тг
• Байзақ ауданы – 1,70 млрд тг
• Т. Рысқұлов ауданы – 1,87 млрд тг
• Меркі ауданы – 2,07 млрд тг
Жамбыл облысы әзірге толықтай дотацияда отырған аймақ. Оның негізгі проблемалары:
• Бюджетке тәуелділік: бюджет кірісінің 74,4%-ымемлекеттік трансферттерден келеді.
• Әлсіз бизнес: корпоративтік салықтардың үлесі небәрі 11,3%.
• Инвестиция тапшылығы: аймақта ірі кәсіпорындар жоқ.
• Медицинаға жеткіліксіз қаржы: денсаулық сақтау саласына бюджеттен 2,7% ғана бөлінеді.
Егер аймаққа бизнес пен инвестиция тартылмаса, Жамбыл облысы ұзақ уақыт бойы республикалық бюджетке тәуелді болып қала береді. Трансферттер уақытша ғана шешім, ал тұрақты даму үшін кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту қажет.


