EC[ON]OMY

Аудан бюджеттерінің мониторингі: Солтүстік Қазақстан облысы

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл қаласы мен 13 ауданның жиынтық салық түсімдері 39,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6 млрд теңгеге немесе 90,5%-ға көп. Былтыр бұл көрсеткіш 20,5 млрд теңге болған.

Өсім барлық 14 аумақта тіркелді. Дегенмен оның негізгі бөлігі бір ғана орталыққа тиесілі. Жалпы өсімнің 13,1 млрд теңгесі немесе шамамен 70,5%-ы Петропавл қаласының үлесіне келеді.

Аудандық және қалалық деңгей

Облыстағы салық түсімдері негізінен облыс орталығында шоғырланған. Петропавлдың үлесі барлық аудандық және қалалық түсімдердің 60,5%-ын құрайды. Одан кейін Қызылжар ауданы — 6,0%, Тайынша ауданы — 5,9%. Осы үш аумақтың үлесіне өңірдегі барлық түсімнің 72,4%-ы тиесілі.

Аумақтар бойынша ең жоғары өсім:

  • ⁠ ⁠Петропавл — 13,1 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Тайынша ауданы — 1,0 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Қызылжар ауданы — 0,75 млрд теңге

Сонымен қатар Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев, Айыртау және Есіл аудандары да айтарлықтай өсім көрсетті. Өңірдің басты ерекшелігі — бірде-бір аудан немесе қалада төмендеу тіркелмеген. Өсім барлық аумақта байқалады, бірақ оның негізгі көлемі бәрібір Петропавлда шоғырланған.

Салық түсімдері бойынша аудан мен қала рейтингі

Көшбасшылар:

  • ⁠ ⁠Петропавл — 23,7 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Қызылжар ауданы — 2,37 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Тайынша ауданы — 2,29 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Ғабит Мүсірепов атындағы аудан — 1,81 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Есіл ауданы — 1,50 млрд теңге

Ең төмен көрсеткіштер:

  • ⁠ ⁠Уәлиханов ауданы — 0,50 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Тимирязев ауданы — 0,56 млрд теңге
  • ⁠ ⁠Ақжар ауданы — 0,60 млрд теңге

Көшбасшы мен ең төмен көрсеткішке ие аумақ арасындағы айырмашылық шамамен 47 есе. Петропавл 23,7 млрд теңгесалық түсірсе, Уәлиханов ауданында бұл көрсеткіш небәрі 0,50 млрд теңгені құрайды.

ЖТС бойынша көшбасшылар:

Петропавл — 9,69 млрд теңге, Қызылжар ауданы — 1,00 млрд, Есіл ауданы — 0,97 млрд, Тайынша ауданы — 0,87 млрд, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан — 0,83 млрд.

КТС бойынша көшбасшылар:

Петропавл — 6,30 млрд теңге, Тайынша ауданы — 0,89 млрд, Қызылжар ауданы — 0,88 млрд, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан — 0,53 млрд, Мағжан Жұмабаев ауданы — 0,46 млрд.

Солтүстік Қазақстан облысының даму жоспары

Өңірдегі негізгі инвестициялық жобалар облыс орталығы мен экономикалық белсенді аудандарда шоғырланған. Инвестициялық қоржын өнеркәсіппен ғана шектелмей, ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге, машина жасауға және арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

  • ⁠ ⁠Айыртау ауданында жылына 2 млн тонна кен өндіретін тау-кен металлургия комбинатын салу
  • ⁠ ⁠Петропавлда жаңа май экстракциялау зауытын іске қосу
  • ⁠ ⁠«Qyzyljar» АЭА инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде Петропавл, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы қосалқы аймақтарды кеңейту
  • ⁠ ⁠Петропавлда ұзақ сақталатын нан-тоқаш өнімдерін шығаратын өндірісті іске қосу
  • ⁠ ⁠Шал ақын ауданында қант зауытын салу
  • ⁠ ⁠Петропавлда жүк көтеру және тасымалдау жабдықтарының өндірісін жергіліктендіру

Солтүстік Қазақстан облысында салық түсімдері барлық аудан мен қалада өсті. Бұл өңір экономикасындағы оң үрдістің кең ауқымда қалыптасып отырғанын көрсетеді. Соған қарамастан, негізгі өсімнің де, жалпы түсімнің де басым бөлігін Петропавл қамтамасыз етіп отыр.

Салық түсімдерінің құрылымы өңірдің қалыптасқан экономикалық мамандануын айқын көрсетеді. Петропавл, Тайынша, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың көшбасшылық позициялары инвестициялық саясатпен де үндеседі. Дәл осы аумақтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, машина жасау, өнеркәсіп және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағыныңинфрақұрылымын дамыту бағытындағы негізгі жобалар іске асырылуда.

Нәтижесінде өңірдегі салық базасының кеңеюі өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешеннің қатар дамуына сүйеніп отыр. Жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асуы өндіріс көлемін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі қосылған құнды арттыруға және алдағы жылдары жергілікті бюджеттердің кіріс базасын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы арнайы EconomyKZ.org үшін

Scroll to Top

Discover more from EC[ON]OMY

Subscribe now to keep reading and get access to the full archive.

Continue reading