EC[ON]OMY

Қазақстандағы ұлттық инвестициялық жобалар: Талдау

Қазақстанның ұлттық инвестициялық жобалар пулында бүгінгі күні жалпы сомасы 34,3 трлн теңге (немесе қазіргі бағаммен 64,5 млрд доллар) болатын 769 жоба тіркелген.

Алайда, барлық жобалар белсенді жүзеге асырылып жатқан жоқ:

• 48%-ы – құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (367 жоба);

• 40%-ы – құжаттамаларын дайындау кезеңінде (310 жоба);

• 3%-ы – қаржыландыру іздеу үстінде (26 жоба);

• Қалған 9%-ы (66 жоба) – пайдалануға берілген.

Көш бастап тұрған өңірлер

• Астана – 123 жоба, 2,3 трлн теңге;

• Шымкент – 62 жоба, 432 млрд теңге;

• Жамбыл облысы – 49 жоба, 2,6 трлн теңге;

• Қызылорда облысы – 48 жоба, 956 млрд теңге;

• СҚО – 46 жоба, 755 млрд теңге.

Аутсайдерлер – Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары және индустриалды дамыған Ақтөбе мен Қарағанды облыстары. Осы экономикалық әлеуеті жоғары аймақтарда небәрі 24 жоба ғана тіркелген.

Инвестор елдердің көшбасшылары

• Қазақстан – 621 жоба, 18,7 трлн теңге;

• Қытай – 35 жоба, 3,1 трлн теңге;

• Ресей – 31 жоба, 5,9 трлн теңге;

• Түркия – 30 жоба, 1,6 трлн теңге;

• БАӘ – 7 жоба, 2,2 трлн теңге.

Бұл елдер пулдағы барлық жобалардың 94%-ын құрайды.

Стратегиялық қорытындылар

1. Өңірлердегі жобалардың теңсіздігі.

Ұлттық пулдағы жобалардың өңірлерге біркелкі бөлінбеуі маңызды мәселелердің бар екенін көрсетеді. Әсіресе Ақтөбе мен Қарағанды облыстары өз әлеуетіне сай көрсеткішке жете алмады. Бұл жергілікті билік пен даму институттарының белсенділігі жеткіліксіз екенін, сонымен қатар инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасалмағанын көрсетеді. Егер бұл мәселе шешілмесе, экономикалық әлеуеті жоғары аймақтар өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын жоғалтуы мүмкін.

2. Өңірлердің дамудағы серпіні.

Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жобалар санының өсуі бұл өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыра бастағанын байқатады.

3. Қазақстандық компаниялардың үлесі.

Қазақстандық компаниялардың басым болуы – ішкі бизнестің дамып келе жатқанын көрсететін жақсы белгі.

4. Шетелдік инвесторлардың құрылымы.

Қытай, Ресей және Түркия елдерінің басым болуы – Қазақстанның осы елдермен тұрақты саяси байланысы бар екенін көрсетеді. Алайда, Еуропа мен АҚШ-тан келген инвесторлардың аз болуы олардың жоғары тәуекелділікті немесе инвестициялық ортаның жеткілікті ашық еместігінен сақтанып отырғанын білдіреді. Бұл жағдай ұзақ мерзімде біржақты тәуелділікке және заманауи батыс технологияларына қолжетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты шетелдік капиталды әртараптандыру бойынша жаңа стратегиялар қажет.

 

Ернар Серік, сауда және инвестициялық саясат жөніндегі сарапшы,

tradereport.kz телеграм-арнасының авторы (https://t.me/tradkz)

Прокрутить вверх

Больше на EC[ON]OMY

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше